«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ортақ жауапкершілік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде орын алған пандемия жағ­дайына байланысты өзімнің және жақындарымның денсау­лы­ғына алаңдап, ұжымдық имму­нитет қалыптастыру үшін екпе алу қажет екенін ұйғардым. Жұбайым екеуміз вакцинаның алғашқы ком­понентін мамыр айында, екіншісін маусым айында алдық. Екпеден соң денсаулығымда ешқандай асқынулар орын алған жоқ. Өзімді жақсы сезіндім. Жалпы кез келген жұқпалы аурудан сақтанудың ең тиімді жолы – екпе алу. Мамандар коронавирус инфекциясына қарсы күресте вакцинаның пайдасы зор екенін айтуда. Біз екпе инфек­ция­дан емес, аурудың ауыр ағымынан қорғайтынын түсінуіміз керек. Сон­дықтан әр адам вакциналау ша­расына жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Жас ұлғайған сайын адам ден­саулықтың қадірін түсіне бастайды екен. Жұбайым екеуміз тұмауға қарсы да екпе алдық. Енді коро­навирусқа қарсы ревакци­нация­лау шарасына қатысып, вакци­на­ның үшінші компонентін алуды жос­парлап отырмыз. Екпе қойдыруға қарсы көрсеткіштері болмаса, әр­бір саналы адам вакциналау нау­қанына белсенді қатысуы қажет деп ойлаймын. Барша жұртты тығырыққа тіреген қауіпті аурудың таралуына өзіміз ғана тосқауыл бола аламыз.

Бәтима ИТІШЕВА,

Петропавл қаласының тұрғыны.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp