«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызылжарда полицияның екі жаңа модульдік бекеті ашылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында «Жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асыру аясында екі жаңа модульдік бекет ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияның жаңа модульдік пункттері Петропавлда Былғары зауыты ауданындағы Рыжов көшесінде және «Береке» ықшам ауданында ашылды. Бір бекеттің жалпы ауданы 20 шаршы метрден асады. Модульдік бекет дербес компьютермен, стационарлық телефонмен, сыртқы және ішкі бейнекамералар қосылған бейнетіркегішпен жарақталған. Камералар модульдегі мониторларға, сондай-ақ онлайн режимінде Петропавл қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығына жалғанған.

Қала әкімі Болат Жұмабековтің айтуынша, бұл шаралар құқықтық тәртіпті нығайтуға септігін тигізбек. Полиция қызметкерлері заманауи бекеттерде тәулік бойы қызмет атқарады. Модульдік пункттер тұрғындардың пікірі ескеріле отыра осы ықшамаудандарда ашылды.

«Заманауи жабдықтар мен модульдік үлгідегі бекеттердің конструкциясы полиция қызметкерлерінің жұмысын ашық және мобильді етуге мүмкіндік береді. Басты міндет – азаматтардың өтініштеріне уақтылы ден қоюды қамтамасыз ету», – дейді модульдік бекеттің салтанатты ашылуында болған СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.

Жұмыстың бұл форматы өз тиімділігін көрсетті. Бұрын мұндай бекеттер Петропавлдағы Әуезов және Уәлиханов көшелерінде, сондай-ақ аудан орталығы Тайыншада ашылды. Бұл модульдердің кезекші қызметкерлеріне азаматтардан құқықтық тәртіптен бөлек, түрлі мәселелер бойынша өтініштер келіп түседі. Оларға айына шамамен 200-ге тарта адам жүгінеді. Жуырда облыс орталығында тағы осындай заманауи екі стационарлық бекетті ашу жоспарланып отыр.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp