«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңір тұрғыны мемлекеттік бағдарлама арқылы қой санын 300-ге жеткізбек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында «Бастау Бизнес» бағдарламасының түлектері жалпы сомасы 400 млн теңгеге жуық несиеге 91 өтінім қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір тұрғыны Талғат Тоқтамысов биыл көктемде «Бастау Бизнес» курсынан өтіп, 200 АЕК көлемінде өтеусіз грантқа қол жеткізді.

Ер адам мал шаруашылығымен айналыспақ болып, бұл ақшаға 12 қой және өз ақшасына гиссар тұқымды тағы үш қошқар сатып алды.

Енді бірер жылда шағын шаруашылығын қой фермасына айналдырып, түлік санын 300-ге дейін жеткізбек.

«Қала сыртынан мал өсіруге қолайлы жер алдым. Бірақ қой басын көбейтуге өз қаражатым жетпеді. Сондай-ақ жем-шөп пен құрылыс материалдарын да сатып алу қажет болды. СҚО Кәсіпкерлер палатасы жанынан «Бастау Бизнес» түлектерінің жобаларын несиелендіру үшін арнайы «Атамекен Қызылжар» микроқаржы ұйымы құрылғанын білген соң, мен оған жылдық 6 %-бен жеңілдетілген несие алу үшін жүгіндім. Үйімді кепілге қойып, 5 жыл мерзімге 5 млн теңге сомасынде несие алдым. Қарызды тек бір жылдан кейін ғана қайтара бастаймын. Яғни, менің несие бойынша алғашқы төлемім 12 айдан кейін болады. Бұл өте ыңғайлы, өйткені осы уақыт ішінде сатып алған қойым қоздап, көбейеді, оларды сатып қарызымнан құтыла аламын», – дейді кәсіпкер Талғат Тоқтамысов.

Биыл Талғат сияқты 9 солтүстікқазақстандық 6 %-бен жалпы сомасы 26,5 млн теңге несие алды.

Қазіргі уақытта тағы 392 млн теңгеге 91 өтінім микроқаржы ұйымының кредиттік менеджерлерінің қарауында жатыр.

«Жеңілдетілген несиені «Бастау Бизнес» түлектері қай жылы оқығанына қарамастан ала алады. Егер бұл ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың тұрғындары болса, онда олар 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал петропавлдықтар 6,5 мың АЕК-ке дейін шағын несие ала алады. Қарыз 5 жылға дейінгі мерзімге, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қарыз алушыға басты талап – проблемалық берешектің болмауы», – дейді микроқаржы ұйымы директорының міндетін атқарушы Тимур Ысқақов.

СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Ашметовтың айтуынша, СҚО-ға «Бастау Бизнес» түлектерінің жобаларын несиелендіруге республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді.

«Осы және келесі жылы курстан өткендердің жобаларын жалпы сомасы 1 млрд теңгеге қаржыландыруды жоспарлап отырмыз. Биыл біз 922 өңір тұрғынын оқыттық. Оның ішінде 321 түлектің жобасы 1 млрд теңгеден астам сомаға қаржылық қолдау қоры арқылы қаржыландырылды, 400 адам 240 млн теңге сомаға грант алды. Тағы 9 түлек микроқаржы ұйымы арқылы 26,5 млн теңгеге несие алды», – дейді Әлібек Ашметов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp