«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алдағы екі аптада 10 сүт фермасы іске қосылмақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Прекрасное елді мекенінде жаңа сүт фермасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айыртау ауданы Прекрасное ауылында «Әдемі астық» ЖШС-гі жаңа сүт фермасын іске қосты. Жобаның сомасы 1,6 млрд теңге. 600 басқа шақталған кәсіпорын заманауи жабдықталған. Мол өнім алу үшін асыл тұқымды «голштин» сиырлары да әкелінді. Қазір мұнда ауылдың 30 тұрғыны жұмыс істеп жатыр.

Кәсіпкер Бақыт Құсайынов мал шаруашылығымен айналысу үшін кезінде туған ауылына қайта көшіп келген екен. Бүгінде кәсіпкер елді мекенде 29 тұрғын үй салды. Алдағы уақытта медициналық пункт пен демалыс орталығының құрылысын бастамақ.

Жаңа сүт фермасының жұмысын өңір басшысы Құмар Ақсақалов көрді.

«Өңірде сүт фермаларының құрылысын және қондырғыларды сатып алуды қаржыландыру бойынша пилоттық бағдарлама бар. Қазақстанда тек бізде ғана сүт өндіруге қатысты жобаларды жүзеге асыруға ең қолайлы жағдай жасалған.

Диқандар бидай өсірумен қатар, мал шаруашылығымен де айналысуға міндетті. Өйткені, сүт өндірісі өте тиімді кәсіп. Тек осы ферма толық қуатқа шыққанда күн сайын 1,5-2 млн теңге табыс таппақ», – дейді Құмар Ақсақалов.

Фермада ветеринарлық орталық бар. Кешен толықтай заманауи жабдықталған.

«Еліміз бойынша ең көп ферма салатын біздің облыс. Биыл Қазақстанда 29 сүт кешенінің құрылысы жүріп жатыр, оның жартысы Солтүстік Қазақстан облысында. 16 сүт кешенінің құрылысы басталды, жыл соңына дейін 10 ферма іске қосылады. Жалпы, елімізде 500 сүт фермасы болса, оның 90-ы СҚО-да орналасқан. Келер жылы тағы 10 жаңа ферма салына бастайды. Қазір шаруалармен мәселені пысықтап жатырмыз», – дейді өңір басшысы.

СҚО әкімінің айтуынша, сүтті өңдеу бойынша да өңір республикада көш басында. Қазақстанда 1 млн тонна өңдеуге жіберілсе, оның 350 мың тоннасы облыстың үлесінде.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp