«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еліміз бойынша теңдесі жоқ тұқым зауыты ашылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында жоғары сапалы тұқым дайындайтын кәсіпорын ашылды. Бірегей жобаның елімізде теңдесі жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Есіл ауданы Советское елді мекенінде ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын дайындайтын зауыт іске қосылды. СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылған тұқым зауытының жұмысын көрді. «Атамекен Агро» ЖШС нысанды іске қосуға 1 млрд теңге қаржы жұмсады. Зауыт жылына 60 мың тонна тұқым дайындамақ.

«Егістікте нәтиже алғыңыз келсе, ең алдымен тұқымнан бастау керек. Таза және біркелкі тұқым жақсы өнім береді. Мұндай заманауи тұқым тазалау жүйесі енді солтүстікқазақстандық диқандарға да қолжетімді.

Есіл ауданында ауыл шаруашылығы тұқымдарын шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Жаңа кәсіпорын шаруаларды сапалы тұқыммен қамтамасыз етіп, өнімділікке оң әсерін тигізеді», – дейді Құмар Ақсақалов.

Тұқым зауыты 8 айдың ішінде бой көтерді. Мұнда дән 6 кезеңдік тазалаудан өтіп, зиянкестерден арылады. Тек шығымдылығы жоғары дәндер ғана іріктеліп алынбақ. Кәсіпорынға 20 адам жұмысқа алынды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp