«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 16, 2021

Сүбелі үлес

Облыстық әкімдікте мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент мамандары “Бизнес-қоғамдастықты қалыптастыратын мемлекеттік қызметтер” тақырыбында жиын ұйымдастырып, оған “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының екінші деңгейлі банктер және жергілікті атқарушы ұйымдардың өкілдері “ZOOM” режімінде қатысты.

Кәсіподақ мүшелеріне — айрықша құрмет

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей-тойын кәсіподақ мүшелері көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Өңірлік кәсіподақ орталығының ұйымдастыруымен С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында салалық, бастауыш кәсіподақтар, қоғамдық бірлестіктер, ардагерлер, жастар өкілдерінің, жұмыс берушілердің, мәслихат депутаттарының, әлеуметтік әріптестердің қатысуымен өткен алқалы жиында мерекелік лебізге толы құттықтаулар оқылып, айтулы оқиғалар санатынан ойып тұрып орын алатын егемендігіміздің даму, қалыптасу жолына …

Кәсіподақ мүшелеріне — айрықша құрмет Read More »

Желтоқсан боздақтары

Президент Жарлығымен 17 желтоқсан елімізде Демократиялық жаңару күні болып белгіленгені мәлім. Осыдан тура 35 жыл бұрын Алматыда отаршыл жүйенің өктемдігіне қарсы наразылығын бейбіт түрде білдірген қазақтың өрімдей ұл-қыздарының шеруі қызыл қанға боялып, қатыгез күшпен аяусыз басылған болатын.

АҚЖАРҚЫН АЗАМАТ ЕДІ

Егемендікті алу қаншалықты қиын болса, сол қолға қонған бақ құсын ұшырып алмай, ұстап қа­лу да оңай болмағаны белгілі. Экономикалық қиындықтар бүйір­ден қысқан тұста жергілікті жерлердегі мемлекетшіл азаматтардың арқасында талай тығырықтан шыға білдік. Мағжан Қалиасқарұлы – азаттықты қызғыштан қорыған жандардың бірі. Мен ол кісімен алғаш рет 1967 жылы таныстым. Ағаның Бескөл аудандық атқару комитеті ұйымдастыру бөлімінің …

АҚЖАРҚЫН АЗАМАТ ЕДІ Read More »

ҚОЛЫ ШИПАЛЫ ҚАНДАСЫМЫЗ

Бүгін мен Тәуелсіздік жылдары медицинада жеткен жетістіктерімізге орасан зор үлес қосып келе жатқан қандасымыз туралы әңгіме өрбіткенді жөн көріп отырмын. Қандастарымыздың алғашқы көші, ұмытпасам біздің бала кезімізде, өткен ғасырдың 50-ші жылдарының ортасында туған жерге оралды. 1962 жылы Кеңес Одағы мен Қытай шекарасы ашылып, қаншама қазақ ата-баба жеріне көшіп келді. Тәуелсіздіктің отыз жылында, шетелдегі 5 миллиондай …

ҚОЛЫ ШИПАЛЫ ҚАНДАСЫМЫЗ Read More »

Қызылжардағы қазақ мектептері

Ұлттың ұлт болып қалуының, то­лыққанды өмір сүруінің бірінші әрі басты шарты – тілі. Мағжан ақын­ның “қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды тіл жоқ” деуі сондықтан. Бодандықтың қыл бұрауы одан әрі жалғаса берсе, қазақ халқы түп тамырынан ажырап қалар ма еді? Тәуелсіздік таңы атуымен ғана босағадағы …

Қызылжардағы қазақ мектептері Read More »

БОДАНДЫҚТАН — БОСТАНДЫҚҚА

Кеңес Одағы шаңырағының ортасына түскеніне де, міне отыз жыл болып қалыпты. Одан әрі өмір сүре бергенде қа­зақ халқы тілінен де, дінінен де, ділінен де мүлде айрылар еді-ау. Шүкіршілік, енді ол кезең тарих қойнауына енді, келмеске кетті. Ата-бабаларымыз армандаған егемен ел болдық. Ең бастысы, бодандықтан бостандыққа жеттік. Азаттық таңы атқан елең-алаң кезеңде Қызылжар өңірінде орын алған …

БОДАНДЫҚТАН — БОСТАНДЫҚҚА Read More »

Merekelık qūttyqtau

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Қазақстанның егемендікке қол жеткізгеннен бергі жүріп өткен жолы бүгінде тарихқа айналып үлгерді. Бұл жолда ұлы жетістіктерге қол жеткізгенімізді бүгінгі күн тұғырынан салыстыра отырып бағалай аламыз.

ҚАСТЕРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебеп кітапханада өткен салтанатты жиынға “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Құмар Ақсақалов қатысып, жиналғандарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

“ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖЫЛНАМАСЫ”

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газетінде 2021 жылы жарияланған материалдар негізінде құрастырылған “Жасампаздық жылнамасы” атты кітаптың тұсауы кесілді. Айтулы шараға облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов, зиялы қауым өкілдері, басылымның ардагерлері мен журналистері, кітапхана қызметкерлері, жас қаламгерлер қатысты.

Тәуелсіздіктің тірегі

Енді санаулы күндерден кейін біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеміз. Бұл – тарихта есесі кеткен, “мың өліп, мың тірілген”, тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартқан, үш ғасыр бойына отаршылдықтың қамытынан құтылу жолын іздеп, сол үшін жан алып, жан берісіп күрескен Қазақ даласының, Алаш баласының бағы жанған күн! Осы ұлы мереке қарсаңында біз Қазақстан Республикасы …

Тәуелсіздіктің тірегі Read More »