«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Кәсіподақ мүшелеріне — айрықша құрмет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей-тойын кәсіподақ мүшелері көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Өңірлік кәсіподақ орталығының ұйымдастыруымен С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында салалық, бастауыш кәсіподақтар, қоғамдық бірлестіктер, ардагерлер, жастар өкілдерінің, жұмыс берушілердің, мәслихат депутаттарының, әлеуметтік әріптестердің қатысуымен өткен алқалы жиында мерекелік лебізге толы құттықтаулар оқылып, айтулы оқиғалар санатынан ойып тұрып орын алатын егемендігіміздің даму, қалыптасу жолына шолу жасалды.

30 жылда Қазақстан іргесі берік, өмір сүруге қолайлы елге айналды. Жұмыспен қамту, тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласы бойынша халықаралық конвенцияға мүше. 2021 жыл кәсіподақтар қозғалысының шешуші буыны, негізгі тіні болып табылатын бастауыш кәсіподақтар ұйымдарының жылы деп белгіленіп, жақсы жетістіктермен қорытындыланды. Елімізде кәсіподаққа екі миллионға жуық адам мүше болса, облыс бойынша 1257 бастауыш ұйымның 65 мың мүшесі бар.

Алқалы басқосуда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Кемел Оспанов құттықтау сөз сөйлеп, түрлі марапаттарды тапсырды. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының “Елеулі еңбегі үшін” медаліне Қызылжар ауданы “Ахмуддинов” ЖК директоры Сермұхамет Оралұлы лайық деп танылды. “Педагогикалық триумф” халықаралық ғылыми-әдістемелік орталығының “Халықаралық өнерге қосқан үлесі үшін” медалін мәдениет, спорт, туризм және ақпарат салалық кәсіподағы ұйымының төрайымы Күлжиян Касимова кеудесіне тақты. Еңбек адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы жемісті еңбегі үшін “Қазпоштаның” облыстық филиалының инкассаторы Эдик Бегеуов, Есіл ауданы білім бөлімінің жетекшісі Гүлмира Дауытбаева республикалық кәсіподақ федерациясының Құрмет грамотасымен, Мамлют аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әкімшілік секторының меңгерушісі Айбас Жүсіпов, Жамбыл аудандық ауруханасы алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің меңгерушісі, жалпы тәжірибе дәрігері Сәуле Нүркеева, “Севказэнерго” АҚ турбина цехының аға машинисі Юрий Куликовский Алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ лайықты құрмет көрсетілгендердің арасында “Основание” ЖШС-нің электрмен дәнекерлеушісі Борис Бунеев, Уәлиханов ауданы “Сағындықов” ШҚ-ның жұмысшысы Алмас Қабдуали, С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының актері Эланар Кенжебеков, Аққайың ауданы №1 Смирнов мектебінің директоры Жаслан Сүйіндіков, тағы басқалары болды.

Облыстық балалар ауруханасы бастауыш кәсіподақ ұйымына жылдың үздігі ретінде қошемет көрсетілді. “Қазпоштаның” облыстық филиалы мен “Жедел медициналық жәрдем” орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымдары екінші, үшінші орындарды бөлісті.

Белсенді кәсіподақ мүшелері білім және ғылым, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік қызметшілер салалық кәсіподақтары бірлестіктерінің түрлі марапаттарына ие болды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достықты нығайтуға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ерік Есімұлы Нұрақаев “Парасат” орденімен марапатталғанын да айта кеткен жөн. Ерік Есімұлы 65 мыңға жуық мүшесі бар беделді ұйымға 2017 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. Осы кезең ішінде ұйымдастырушылық қарым-қабілетімен көзге түсіп, өңір тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартуға сүбелі үлесін қоса білді.

Людмила ГОЛЕНКОВА,

облыстық кәсіподақтар орталығының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp