«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Сүбелі үлес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық әкімдікте мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент мамандары “Бизнес-қоғамдастықты қалыптастыратын мемлекеттік қызметтер” тақырыбында жиын ұйымдастырып, оған “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының екінші деңгейлі банктер және жергілікті атқарушы ұйымдардың өкілдері “ZOOM” режімінде қатысты.

Жиында өңірдегі кәсіпкерлерге тиімді қызметтер ұсыну, жаңашылдықтар мен цифрландыру туралы мәселелер ортаға салынды.

Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек жиналғандарды ел егемендігінің отыз жылдық мерейтойымен құттықтап, “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл” мерекелік медалін “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ өңірлік филиалының директоры Мереке Сыздықовқа, “Қазақстан Халық банкі” АҚ жергілікті бөлімшесі директорының орынбасары Саида Қабжановаға, “Радуга” ЖШС металлпластик бұйымдары зауытының директоры Ли Евгенийге, “ForteBank” АҚ филиалының басшысы Диас Қазыбаевқа, өңірлік кәсіпкерлер палатасы жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бірінші санатты сарапшысы Ольга Цымбалюктқа тапсырды.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін “ЦИОР Интегро” ЖШС-нің басшысы Руслан Шарипов, “Антис-Мед” кәсіпорнының директоры Антон Юсичев, “Банкцентркредит” акционерлік қоғамы облыстық филиалының жетекшісі Айгүл Мұратова облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp