«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАСТЕРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебеп кітапханада өткен салтанатты жиынға “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Құмар Ақсақалов қатысып, жиналғандарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Құмар Іргебайұлы өз сөзінде тарих үшін қысқа мерзім ішінде Қазақстан өзіндік даму жолына түсіп, барлық салада жоғары өсімге қол жеткізгенін, Елбасының басшылығымен “Nur Otan” саяси ұйымы ауқымды реформаларды жүзеге асырғанын атап өтті. “Партия жұмысы уақыт талабына орай ұйымдастырылып отыр. Сайлауалды тұғырнамасын қабылдап, барлық деңгейдегі мәслихаттар фракциялары жаңартылды. Пандемия кезінде партияның еріктілер қозғалысы кең өріс алды”, – деді.

Партияның өңірлік филиалының төрағасы облысымыздың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қосқан елеулі үлесі және партиялық жобаларды іске асырудағы қажырлы еңбегі үшін бір топ партия ардагерлері мен белсенділерге “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл”, “Халық алғысы” медальдарын, “Белсенді қызметі үшін” төсбелгілерін, Құрмет грамоталарын салтанатты түрде тапсырды.

Марапатталғандардың арасында есімдері өңір жұртшылығына жақсы таныс Александр Курленя, Әлім Шүкенов, Болат Қазанов, Тотыкамал Құлжанова, Руслан Тасов, Мара Жұмабаева, Дмитрий Протопопов, Гумар Нуртаза, тағы басқалары бар.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp