«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жеңіл көлікке қарудан оқ атқан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында «Челябі-Новосібір» автожолының Чистое елді мекені маңында белгісіз біреулер жеңіл көлікке қарудан оқ атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше, 18 желтоқсан күні болған. Зақымданған көліктің фотосуреттері әлеуметтік желіде тарады.

«18 желтоқсан күні сағат 11.00 шамасында «Челябі-Новосібір» автожолының 635-шақырымында, Чистое елді мекенінің маңында «Hyundai Accent» автокөлігі табылды. Машинаның мемлекеттік тіркеу нөмірі болмаған, жүргізуші отыратын жағынан екі рет оқ атылған. Зардап шеккендер жоқ.

Кейін белгілі болғандай, зақымданған автокөлік СҚО білім саласында сапаны бақылау департаментіне тиесілі екен. Машина Петропавлдың 25 жастағы тұрғынына бекітілген.

Жігіттің айтуынша, 17 желтоқсан күні сағат 22.00 шамасында көлік сынып қалған, сондықтан ол машинаның мемлекеттік нөмірлерін шешіп алып, жолдың шетіне қалдырып кеткен.

Бұл факті «Біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексерулердің тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта полицейлер бұл қылмысты жасағандарды анықтау үшін жедел тергеу шараларын қолға алды», – делінген М.Жұмабаев аудандық полиция бөлімшесі таратқан ақпаратта.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp