«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ЗЫҒЫРДАН — ҮШ ТҮРЛІ МАЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өңірімізде зығырдан май өндіретін кәсіпорын ашылды. “Agro Grain SK” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шағын зауыты Петропавлда орын тепкен.

Бүгінгі күні облыста дәнді дақылдармен қатар майлы дақылдарды өсіру жұмыстары да жақсы жолға қойылған. Мәселен, соңғы жылдары бұл ауыл шаруашылығы өніміне тиесілі алқап көлемі біршама өсіп, 1 млн. гектар жерді құрады. Нәтижесінде майлы дақылдарды өңдейтін кәсіпорындарға да сұраныс артқаны сөзсіз. Бұл мүмкіндікті “Agro Grain SK” серіктестігінің басшысы Марина Бариева қалт жібермеді. Жоба құны 75 млн. теңгені құрап отыр.

– Шағын зауытымыз тәулігіне зығырдың 10 тоннаға жуық сөлін сығуға қауқарлы. Осылайша кәсіпорнымыз 3 түрлі өнім түрін шығарады. Біріншісі тағамдарға қосуға арналған, екіншісі – техникалық бағытта қолданылатын май. Соңғысын ағаш өңдеумен айналысатын фабрикаларға сататын боламыз. Қазіргі уақытта біздің өнімімізге жергілікті жиһаз цехтарының басшылары қызығушылық танытып отыр. Ал қалдықтарды, яғни зығырдың күнжарасын мал мен құсқа қорек ретінде дайындаймыз, – деді кәсіпкер.

Бұдан бөлек, кәсіпорын күріш пен қарақұмықты және ұнды қаптау ісін қолға алды. Айта кету керек, ресейлік қондырғылардың көмегімен жарманың минутына 30 килограмы, ал ұнның 18 килограмы қапталады. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған желіні қала әкімі Болат Жұмабеков іске қосты.

– Өткен 10 айдың қорытындысы бойынша облыс орталығына 84 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды. Оның 70 пайызы – жеке кәсіпкерлердің қаражаты. Петропавлда бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайлар жасалды. Қажетті инфрақұрылым желілері тартылып, нысандар ұзақ мерзімге пайдалануға берілді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге арналған кәсіпорындар да ашылуда, – деді Болат Серікұлы.

Бүгінде зауытта 11 қала тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылды. Олардың орташа жалақысы – 140 мың теңгенің шамасында. Келер жылы “Agro Grain SK” серіктестігінің басшылығы қызметкерлер санын арттырып, зығыр майының қос түрін Ресейдің бірқатар облыстарына экспорттауды көздеуде.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp