«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Өңір тынысымен танысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Парламент Мәжілісінің депутаттары Лариса Павловец пен Вера Ким облысқа жұмыс сапарымен келіп, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысуда, кәсіпорындарды аралап, еңбек ұжымдарымен кездесуде.

Парламент Мәжілісі депутаттарының жұмыс сапары Тайынша ауданынан бастау алды. Мұнда қоғамдық кеңес, үкіметтік емес ұйым мүшелерімен, белсенді жастармен кездесіп, қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша пікірлер алмасты. Түйткілдерді шешудің біріккен жолдарын талқылады.

Қызылжар ауданында өткен жүздесулерде халық қалаулылары жұртшылықтың пікірін тыңдап, қойылған сауалдарға жауап берді.

Депутаттар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы, оның қоғамдық-саяси өмірдегі орны, этносаралық қатынастар саласындағы бастамашылық іс-қимылдары, ел татулығы мен бірлігін нығайтудағы зор үлесі жайлы әңгімеледі.

Кездесулер облыс орталығында жалғасын тауып, халық қалаулылары Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелерімен, этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен жолығады деп жоспарланған.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp