«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Желтоқсан жаңғырығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

16 желтоқсанда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өтсек, 17 желтоқсан – демократиялық жаңару күнінде сол азаттық үшін Алматыда алаңға шыққан Желтоқсан көтерілісі құрбандарын еске алу шарасы өтті.

Осы күні Петропавлдағы Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың еңселі ескерткіші жанына қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйым өкілдері жиналып, егемендігіміздің орнауына теңдессіз үлестерін қосқан 1986 жылғы Желтоқсан боздақтарының ерлігіне бастарын иіп, аруақтарына Құран бағыштады.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин осыдан 35 жыл бұрын Алматыда басталып, басқа қалаларда жалғасқан, әкімшіл-әміршіл режімге қарсы бағытталып, азаттықты аңсаған бейбіт шерулердің тарихи маңызына, қазіргі жас ұрпаққа берер патриоттық тәлім-тағылымына тоқталды.

Облыстық, қалалық әкімдіктер атынан да гүлшоқтары қойылды.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp