«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 21, 2021

Отшашу опық жегізбесін

Облыста тәртіп сақшылары пи­ро­техникалық өнімді заңсыз сау­далау­шылармен күресті күшейтті. Полицей­лер “Пиротехника” республикалық же­дел-профилактикалық іс-шарасы ая­сында жұмыс істеп жа­тыр. Сертифи­катталмаған, яғни денсаулыққа қаупі зор пиротехника­лық өнімдерді анықтау мақсатында мобильді топтар құрылды.

“Сүйінші” сыйқораптары

Тәуелсіздік күні өңірде дүниеге келген 26 сәбиге baby-бокс­тар сыйға берілді. “Сүйінші” деп аталатын сыйқораптарда жаңа туған сәбиге қажет керек-жарақтың бәрі бар.

Білекті жігіттер

Орал қаласында гір көтеру спортынан ел кубогы сарапқа са­лынды. Республикалық жарыста өңір намысын облыстың білекті жігіттері абыройлы қорғады.

Айтулы бәсеке

“Қызылжар” ХХІ дәстүрлі халықаралық турнирі ая­сында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАР

Ауыл шаруашылығы министр­лігі ветеринариялық бақылау жә­не қадағалау комитетіне қарасты ау­мақтық инспекция өз құзыреті ше­гінде мынандай мемлекеттік қыз­меттерді жүзеге асырады. Атап айт­­қанда, жануарларды өсі­ру, жа­нуарлардан алынатын өнім­дер мен шикізатты дайындау (сою), сақ­­тау, қайта өңдеу және өт­кізу, сондай-ақ ветеринария­лық пре­параттарды, жемшөп пен жем­шөп қоспаларын өндіру, сақ­тау жә­не өн­діріс объектілеріне есеп­тік нө­мір­лер беру, аудандық және қа­ла­лық аумақтық инспек­цияларға …

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАР Read More »

Алаңдауға негіз жоқ

Соңғы кездері әлеуметтік же­лілерде жеке тасымалдаумен айналысатын адамдар тарапы­нан мобильді аударымдардан бас тартуға және қолма-қол есеп айырысуға көшуге шақы­ра­тын ақпараттар көптеп тара­тыла бастады. Осыған байла­ныс­ты мынаны хабарлаймыз. Мо­бильдік аударымдарды пай­далануға қатысты салық заң­на­масына түзетулер жеке тұл­ға­лардың жеке аударымдарын кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асы­рылатын мобильді төлемдер­ден бөлуге арналған. Бұл мә­селе бизнес-қоғамдастықтардың және банктердің қатысуы­мен бірнеше рет талқыланып, …

Алаңдауға негіз жоқ Read More »

240 адам рақымшылыққа ілікті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыста 240 адам рақымшы­лыққа ілікті, олар алдағы жарты жыл­да бостандыққа шығады. Сол­түстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі депар­таменті баспасөз қызметінің мә­ліметінше, “Қазақстан Республи­ка­сы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына бай­ланысты рақымшылық жасау ту­ралы” Заңға сәйкес бірінші кезек­те 50-ден асқан әйелдерге, 60 жас­қа толған ер адамдарға, І және ІІ топ­тағы мүгедектерге, ата-ана құ­қығынан айырылмаған, …

240 адам рақымшылыққа ілікті Read More »

Қиялыдағы клуб

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Аққайың ауданын­дағы Қиялы елді мекенінде клуб күрделі жөндеуден өткізіліп, тұрғындар игілігіне берілді. Ғимараттың іргетасы сонау 1927 жылы қаланған.

Мүгедектерге арналған мобильді қосымша

“АРДОС-Жүрек” мүгедектер бір­лестігі еліміздегі мүмкіндігі шек­теулі жандарға арналған “Ten Qo­gam” мобильді қосымшасын іске қосты. Бұған дейін елімізде мүге­дек жандарға арналған дәл осын­дай көмекші құрылғы болмаған. Енді ол Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мүгедектігі бар адам­дар үшін пайдалы болмақ. Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі адамдар өз құқықтары жайында, жеңілдіктер, тегін курстар, жұ­мыс­пен қамту және басқа да көптеген мәселелер туралы …

Мүгедектерге арналған мобильді қосымша Read More »

Ғалымның сара жолы

“Үйдің жақсы болмағы – ағашынан, ұлдың жақсы болмағы – нағашыдан” деген қазақтың нақыл сөзін естіп өскендіктен болар, нағашым, Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген ғалым Амандық Қуатұлын ерекше мақтан тұтып өстім. Шал ақын ауданына қарасты Еңбек ауылы тумасының ғылымның сара жолына түсіп, ғалым ретінде ізденіс пен шығармашылықтың белестерін бағындырған сәті егеменді Қазақстанның еншісіне бұйырды. 1989 жылы Мәскеуде …

Ғалымның сара жолы Read More »

МӘСЕЛЕ МӘМІЛЕМЕН ШЕШІЛСЕ

Медиация (латынша “mediato”) делдал­дық деген ұғымды білдіреді. Ол – әлемдік тәжірибеде дауларды реттеудің кең тараған түрлерінің бірі, былайша айтқанда, тараптар арасындағы дауды соттан тыс шешуге бағытталған заңды рәсім. 2011 жылдың 28 қаңтарында қабылданған “Ме­диация туралы” заң осы салаға жаңашыл өзгерістер енгізумен қатар дау-дамайлар­ды мәмілелік жолмен реттеудің тиімді бағыттарын да айқындап берді.

Берекелі орда

Қазақтың әр шаңырағы – қай кезде де ұлт үшін рухани тірек болғаны шындық. Ол – адами құндылықтардың, мәдениеттің және ұрпақтың тарихи сабақтастығының үзілмес ұйытқысы. Халық арасындағы “Мемлекет – үлкен отбасы, ал отбасы – кішкентай мемлекет” деген қанатты сөз шаңырақтағы сүйіспеншілік пен махаббатқа негізделіп айтылғаны анық.

Тың қадамдар

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Данияр Исаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жыл қорытындысын шығарып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жауапкершілік танытайық

Коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин бүкіл әлемнің тынышын қашырды. Күн сайын науқастардың саны артуда. “COVID-19” вирусын жұқтырғандардың көбі екпе алмағандар немесе ине салудан бас тартқандар екен. Сондықтан әрбір адам вакцина алу керек деген ойдамын.