«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауыл шаруашылығы министр­лігі ветеринариялық бақылау жә­не қадағалау комитетіне қарасты ау­мақтық инспекция өз құзыреті ше­гінде мынандай мемлекеттік қыз­меттерді жүзеге асырады. Атап айт­­қанда, жануарларды өсі­ру, жа­нуарлардан алынатын өнім­дер мен шикізатты дайындау (сою), сақ­­тау, қайта өңдеу және өт­кізу, сондай-ақ ветеринария­лық пре­параттарды, жемшөп пен жем­шөп қоспаларын өндіру, сақ­тау жә­не өн­діріс объектілеріне есеп­тік нө­мір­лер беру, аудандық және қа­ла­лық аумақтық инспек­цияларға мем­­лекеттік қызметтер ұсыну, орын ауыстырылатын (та­сымал­да­­на­тын) объектілерге ве­терина­рия­лық сертификат беру, мемле­кеттік ветеринариялық-санитария­лық бақылау және қада­ға­лау объек­ті­леріне ветерина­риялық-са­­нитария­лық қорытын­ды­лар ұсыну.

Осы жылдың 11 айында 7262 мем­лекеттік қызмет көрсетілді. Оның 98 пайызы экспортқа вете­ринариялық сертификат беру, қал­­ғандары ветеринариялық ба­қы­лау объектілеріне ветерина­рия­лық-санитариялық қорытын­ды жа­сау, өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер рәсімдеу қыз­мет­теріне тиесілі. Ветеринария­лық серти­фикат – халықаралық құжат не­месе экспорттаушы ел­дің мемле­кеттік ветеринариялық дәрігері ветеринариялық бақы­лауға жата­тын тірі жануарларға, мал шаруа­шы­лығы өнімдеріне және басқа да жүктерге беретін белгіленген үл­гідегі есептілік бланк. Орын ауыс­тырылатын (тасымалдана­тын) объектілерді экспорттау ке­зінде ветерина­риялық сертифи­кат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мем­лекеттердің бі­рыңғай үлгілері не­гізінде ұсыны­лады. Ветерина­риялық сертифи­кат үшінші ел­дерге (Еуразиялық экономика­лық одаққа мүше емес мемлекет­тер) экспорттаушы ел­дің талап­та­ры­на сәйкес және тиіс­ті аумақ­тық эпизоотологиялық жағ­дайды бағалауды ескере отырып бе­ріледі. Ондай кезде тасымал­да­натын объектілердің экспортқа рұқсаты болуы керек. Көрсеті­ле­тін қызметті алушы сертификат бланкісінің бағасын төлейді, оның құны – 1 сертификат үшін 30-дан 120 теңгеге дейін.

Мемлекеттік қызмет қағаз және электронды түрде көрсеті­леді. Мем­лекеттік қызмет көр­сету мер­зімі (құжаттар топтама­сын тап­сыр­ған кезден есепте­леді) 2 жұ­мыс күні ішінде рәсім­деледі. Вете­ринариялық-санита­риялық қоры­тынды – ветерина­рия­лық объек­ті­лердің сәйкестігін (сәйкессіз­ді­гін) белгілейтін, вете­ринарлық-са­нитарлық инспектор арқылы бері­летін құжат. Оның мем­лекеттік қыз­мет көрсету мер­зімі 4 жұмыс күні ішінде рәсім­деледі және де бланктың құны төленеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қыз­мет­тер стандарттарына өтінім бе­ру электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта жү­зеге асырылады. Бұл ретте ве­теринариялық санитариялық қо­ры­тындыны мемлекеттік қызмет­тер стандартында көзделгендей электрондық үкіметтің төлем шлю­зі арқылы да жүргізуге бола­ды. Мем­лекеттік көрсетілетін қыз­мет­тің нәтижесі, ветеринарлық заң­на­ма талаптарына сәйкестігі болма­са сәйкессіздігі ветерина­риялық-мемлекеттік, ветерина­риялық-санитариялық бақылау объекті­ле­рінің санитариялық қо­ры­тын­ды­сымен бағаланады. Ол – өнді­рістің есептік нөмірін беру, аймақ литерлік коды (өңірдің әріп­­тік және сандық символда­ры) қыз­мет түрлерінен және өн­діріс объек­тісі нөмірлерінің жиын­тығы­нан құра­лады. Өндіріс объектісіне есептік нөмір беру үшін өндіріс объектісі ветерина­риялық-санитариялық талаптар­ға сәйкес бо­луы керек. Өті­н­іш берген мезет­тен бастап, 30 күн­тізбелік күн ішін­де қанағат­тан­дырылады. Қызмет көр­сету мерзі­мі – 2 жұмыс күні. Өті­ніштер элек­трондық үкімет порта­лы арқылы қа­былданады.

Кез келген мәліметті Парк кө­шесі, 57 “в” мекенжайынан алуға болады. Байланыс телефоны – 87152533660. Аграрлық үйдің фо­йесінде “AGROKOМЕК” сервис­тік орталығы орналасқан. Сон­дай-ақ “Телеграмм” әлеуметтік же­лісінде “СҚО ветеринарлық қа­уіпсіздігі”, “Facebook” әлеу­мет­тік желісінде “СҚО аумақтық инс­пек­циясы” аккаунты жұмыс іс­тейді.

Зоя ЖОМАРТОВА,

ветеринарлық және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясы тамақ өнімдері қауіпсіздігі бөлімінің жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp