«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жауапкершілік танытайық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин бүкіл әлемнің тынышын қашырды. Күн сайын науқастардың саны артуда. “COVID-19” вирусын жұқтырғандардың көбі екпе алмағандар немесе ине салудан бас тартқандар екен. Сондықтан әрбір адам вакцина алу керек деген ойдамын.

Өзім М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 3-курс студентімін. “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” мамандығы бойынша оқимын. Тобымыздың барлық студенттері “COVID-19”-ға қарсы екпе алды. Күнделікті қоғамдық көлікпен әрі-бері жүретіндіктен өзімнің денсаулығым үшін және менімен араласатын адамдардың қауіпсіздігі үшін вакцина алу туралы шешім қабылдадым.

“Спутник V” вакцинасының бірінші компонентін салдырғаннан кейін 21 күн өткенде екінші компонентін алдым. Алғашында кішкене әлсіздікті сезіндім. Ал екінші екпеден кейін ешқандай асқынулар болмады. Отбасымда да барлығы екпе алған. Өзім сияқты жастар осы бір қиын кезеңде жауапкершілік танытып, екпе алғандары жөн деп ойлаймын.

Әйгерім МҰҚАНОВА,

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp