«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Отшашу опық жегізбесін

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста тәртіп сақшылары пи­ро­техникалық өнімді заңсыз сау­далау­шылармен күресті күшейтті. Полицей­лер “Пиротехника” республикалық же­дел-профилактикалық іс-шарасы ая­сында жұмыс істеп жа­тыр. Сертифи­катталмаған, яғни денсаулыққа қаупі зор пиротехника­лық өнімдерді анықтау мақсатында мобильді топтар құрылды.

Облыстық полиция департаменті бас­пасөз қызметінің мәліметінше, жаңа жылдық мереке қарсаңында пи­ротехникалық өнімді сақтау тәрті­бі, есепке алу, тасымалдау, әкелу және шығаруды бақылау жұмысы күшей­тілді. “Пиротехника” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты – пиротехника­лық зат­тарды заңсыз сату фактілерін анықтау және саты­луына жол бермеу.

Петропавлда сертификатталған өнім екі сауда орнында – Кәрім Сү­тішев және Мағжан Жұмабаев көше­леріндегі сауда үйлерінің маңындағы павильондарда сатылады. Олардың тиісті лицензиясы бар.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp