«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Сүйінші” сыйқораптары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіздік күні өңірде дүниеге келген 26 сәбиге baby-бокс­тар сыйға берілді. “Сүйінші” деп аталатын сыйқораптарда жаңа туған сәбиге қажет керек-жарақтың бәрі бар.

“Азаматтарға арналған үкі­мет” мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, baby-бокстарға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, “Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл” мерейтойлық монетасы мен ба­ланың алғашқы құжаты – тууы туралы куәлігі салынған.

“Айналайын, бөбек! Сенің ту­ған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Са­ған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!”, – деп жазылған Президенттің құттықтауында.

16 және 17 желтоқсанда дү­ние есігін ашқан балаларға туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қабылдап, әрі қарай құжатын ресімдеу үшін азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарына жолданды.

Петропавлда “Сүйінші” сый-қорабын алғашқылардың бірі болып Әсемгүл Садулова алды. Ол 16 желтоқсанда ұлын дүниеге әкелді. Baby-боксты жас анаға “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы об­лыстық филиалының директоры Жәнібек Қамбаров және “Қазпошта” акционерлік қоғамы облыстық филиалы директорының орынбасары Ғани Жарасбай табыс етті.

Бұл күні baby-бокстар облыстық перинаталдық орталыққа да жеткізіліп, мереке күні өмірге сәби әкелген аналарға тарту етілді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp