«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қиялыдағы клуб

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Аққайың ауданын­дағы Қиялы елді мекенінде клуб күрделі жөндеуден өткізіліп, тұрғындар игілігіне берілді. Ғимараттың іргетасы сонау 1927 жылы қаланған.

Клубтың ашылу салтанатында аудан әкімі Рүстем Елубаев сөз сөй­леп, ауыл тұрғындарын ел егемендігінің торқалы тойымен құт­тықтады.

– Ғимаратты қайта қалпына келтіруге 2020 жылы облыстық бюд­жеттен 66 млн. теңге бөлінді. Бұл қомақты қаржыға нысанның электр, жылу, кәріз желілері жаңартылып, ішкі-сыртқы жөндеу жұмыстары жүр­гізілді, – деді аудан әкімі.

Ауылдық клуб 150 орынға шақталған. Мұнда концерт залы, түрлі спорттық құралдармен жабдықталған фитнес бөлмесі бар. Ардагерлер ке­ңесі мен қазақ тілі қоғамы да осы жерден орын тепкен.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp