«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауру азаяр емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Пандемия басталғалы өңірімізде коронавирус инфекция­сын 34400 адам жұқтырды. Өткен тәулікте облыста 69 тұр­ғынның қауіпті дертке шалдыққаны белгілі болды. Оның бар­лығында ауру белгілері байқалған.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың басым бөлігі – пет­ро­павлдықтар (46 адам). Қызылжар, Аққайың, Тайынша, Тими­рязев, Мағ­жан Жұмабаев, Жамбыл, Мамлют аудандарында да жаңа жағ­дайлар тіркелді.

ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көр­сет­кіштер бойынша 68 азаматтан және эпидқадағалау мақсатында 1 аза­маттан алынды. Бүгінде облыста ПТР зерттеулер жүргізетін 4 зерт­хана жұмыс істейді. Пандемия басталғалы облыс бойынша КВИ-ға 555347 зерттеу жүргізілді, оның 6,1 пайызы – оң нәтиже. Өткен тәу­лікте ПТР әдісімен 1046 зерттеу жүргізілді.

Облыс бойынша 268158 адам екпенің бірінші, 251469 адам екінші компонентін алды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp