«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҢДАУЫМ – “PFIZER”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы кездері облыста коронавирус індетіне шал­ды­ғушылардың қатары сәл де болсын азайып келе жат­қаны қуантады. Бұл адамдардың жұқпалы ауру­дың қауіп-қатерін жете сезініп, сақтық шараларына бейжай қарамайтындығын аңғартса керек. Мен Сол­түс­тік Қазақстан университеті колледжінде оқимын. Курстастарымның көбі екпе салдырғаннан кейін мен де көп ойланбастан вакцина алу туралы шешім қа­­был­дадым. Ұсынысымды ата-анам бірден қолдады.

Дүниежүжілік деректерге сүйенсек, дерттен көз жұмғандардың дені вакцина алмағандар. Стацио­нарларда ем-дом қабылдап жатқандар да солар. Ақ ха­лат­ты абзал жандар түсіндіру жұмыстарын жүргі­зуден шаршар емес. Меніңше, олар бәрімізге дұрыс бағыт-бағдар сілтеп отыр.

“Сақтансаң, сақтаймын” дейді. Кез келген кесел­мен күрестің бірден-бір жолы – алдын алу. Сондық­тан жөн сөзге құлақ асып, екпе алсақ, ертеңгі ел бо­ла­шағы – жас ұрпақтың дені сау болып өсері сөзсіз. Қазір вакцинаның бірнеше түрі бар. Мен “Pfizer” вакцинасын салдырттым.

Томирис ӘСЕТҚЫЗЫ,

Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің 1-курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp