«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қалтаға салмақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Біздің облысымызда жанар-жағармай респуб­лика бойынша ең қымбат бағамен сатылып жатыр. Тұрғындардың сөзінше, көп­тің сұранысына ие АИ-92 бензинінің бағасы күн санап өсуде. Соңғы екі айда жанар-жағармай бағасы 15 теңгеге дейін өскен. “Ақшасы барлар қымбатшылықты сезбеуі мүмкін. Бензин бағасы­ның шар­ықтап кетуі қарапайым тұрғындардың қалтасына салмақ салуда”, – дейді қала тұр­ғыны Андрей Шагаев.

Жауапты мамандар өңірімізде жанар-майдың қымбаттауына өндіруші зауыттар­да бензин бағасының өсуі себеп болып отырғанын айта­ды. “Біз бағаны арзандату мәселесі бойынша операторлармен күнделікті кездесулер ұйымдастырып отырамыз. Келіссөздер жүргізіп, нарықтағы бағаны бақылаудамыз”, – деді облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма­сы басшысының орын­басары Данияр Исаев.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp