«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Полицейлер қыс түскелі жолдарды 40 рет тексеріп, олқылықты жоюға 9 ұйғарым берді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жолдардың қыста талапқа сай болуын бақылауда ұстап, дұрыс күтім жасамаған жауаптыларды әкімшілік жауапкершілікке тартып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер қыс түскелі өңір жолдарына 40-тан астам тексеріс жүргізді. Ондағы мақсат – жауапты ұйымдардың өз міндеттеріне салғырт қарамай, тиісті жұмыстарды атқаруын бақылауда ұстау. Осылайша қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету.

«Қыс басталысымен әкімшілік полиция қызметкерлері автожолдарда төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр. Жолдың сапасы үнемі тексеріліп, оның нәтижесі бойынша олқылықтарды жоюға жауапты тұлғаларға ұйғарымдар беріледі. Кей жағдайларда әкімшілік ықпал етуге тура келіп жатады», – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Жол ұйымдары өкілдерінің қатысуымен болған осындай тексерістердің бірінде республикалық маңызы бар жолдың 6 учаскесін қар басқаны анықталды. Бұл көліктердің жүрісін қиындатып, жол-көлік апатына әкелуі мүмкін. Сол себепті жауапты тұлғаға әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылды.

«Өңірдің күрделі климаттық жағдайында жолдарды қыста күтіп ұстаудың маңызы зор. Қар түскелі республикалық маңызы бар жолдар мен жол құрылыстарына 26 тексеру жүргізілді, кемшіліктерді жою туралы 19 нұсқама берілді. Облыстық маңызы бар жолдарда 17 тексеру жүргізіліп, 9 ұйғарым берілді. Бірқатар жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атқарылған жұмыстың мақсаты – жол апаттарының алдын алу», – дейді Серік Әлжанов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp