«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Соғыс ардагері 100 жасқа толды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Григорий Красильников 100 жасқа толып, майдангерді ғасыр тойымен полицейлер құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, майдангер Григорий Красильниковті 100 жылдық мерейтойымен полицейлер мен полиция департаменті ардагерлер кеңесінің ақсақалдары құттықтады.

Григорий Красильников 1940 жылы Свердлов облысынан әскер қатарына шақырылған екен. Ол Қиыр Шығыста, Хабаровск өлкесінде орналасқан атқыштар полкіне түскен.

Бұл оқу ротасы болатын, онда запастағы командирлерді дайындаған.

1943 жылға дейін сонда қызмет атқарған. Сәуір айының соңында әскер қатарындағылармен бірге Мәскеуге келген.

Жаяу әскер қатарында соғысқан. Шығыс Польша аумағындағы ұрыста ауыр жарақаттанып, 1945 жылдың 9 мамырын госпитальде қарсы алған.

Қараша айында ғана үйіне оралады. 1948 жылы КСРО ІІМ Свердловск мектебіне оқуға түседі.

Оқу бітірген жас маманды СҚО-ға жібереді. Ширек ғасыр қылмыстық-атқару жүйесінде жедел лауазымдарда қызмет атқарды.

Ол басқарған колония тың көтеру жылдарындағы құрылыстарға жұмылдырылды.

Зейнетке 48 жасында шыққан, бірақ 80 жасқа дейін қызметін жалғастырған: аудан орталығы Сергеевкада еріктілер жасағын басқарып, жас қызметкерлермен тәжірибесін бөліскен.

Төрт бала тәрбиелеп өсірген. Ғасыр жасаған ардагер лі тың, газет, көркем әдебиетті оқиды, музыка тыңдағанды жақсы көреді.

Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев пен ведомстволық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Михаил Бедных майдангерге мықты денсаулық пен отбасы амандығын тілеп, құрмет көрсетті.

Григорий Иванович өз естеліктерімен бөлісіп, ыстық ықыластарына алғыс білдірді.

Бүгінгі тәртіп сақшыларына тыныштық, амандық пен сәттілік тіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында соғыстан кейінгі жылдарда 770 аса майдангер құқық қорғау органдарында еңбек етті.

Бүгінгі таңда олардың көзі тірісі осы Григорий Красильников қана.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp