«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Ақылдың көзі — аталы сөз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жас ұлғайған сайын адам­ның өмірге деген көзқарасы өз­гереді екен. Өмірдегі бағалы дү­ниелер мен қадірлейтін қа­сиеттерді түсіне бастай­сың. Кейде болмашы нәрсеге балаша қуанып, енді бірде кө­ңілге кірбің түсіретін, мұңая­тын кездер де болады.

Қазақ ежелден қонақжай, дар­хан халық қой. Халқымыздың кө­ңілі қаншалықты кең болса, дас­тарқаны да сондай. Қуаныш пен қайғы қатар жүреді дегендей, қан­дай жағдай болмасын дастар­қа­нымыздан ас үзілмегеніне шүкір. Мәселе, ас ішіп, аяқ босату емес. Жа­сымыз үлкен болған соң аға­йын-туыс, көрші-қолаң, құда-жек­жат, таныс-біліс құрметтеп, жиын-тойларынан қалдырмайды. Оған ризашылығым шексіз. Сондай жиын-той, отырыстардан үйге кө­ңіл налып келетін сәттер де бо­лып тұратынын несіне жасыра­йын. Әсіресе соңғы кездері осын­дай отырыстарда үлкендер есті сөз, өрелі әңгіме айтудың орнына қарта ойнап, арзан күлкі мен бос сөз­ге даурығысады. Мұндай ке­леңсіз жайттар әр жиында орын алуда.

“Айтпаса сөздің атасы өледі”. Бұрын біз көрген қарттар қандай еді? Ордалы ой, бітімді бата бе­ретін қазына кеуде, тау мүсін да­риялардың әр сөзі салмақты, са­лиқалы болатын. Көпке топырақ шашпаймын. Бірақ көп жағдайда қазіргі замандастарымның орын­сыз жүріс-тұрысы, қылығы қын­жыл­тады.

Мен қалаға осыдан бірнеше жыл бұрын Тимирязев ауданынан көшіп келдім. Ұзақ жыл ауыл ша­руашылығы саласында еңбек ет­тім. Қазір жасым 80-нен асты. Бұ­рын Тимирязевте тұрғанда аға буын өкілі ретінде мектептерде оқу­шылармен кездесуге жиі қаты­сатынмын. Сол жиындарда өске­лең ұрпаққа көрген, білгенімізді, өмірден түйгенімізді айтатын едік. Қалаға келгеннен бері оқу орда­ларымен мұндай байланыс үзіл­ді. Тіпті карантинге байланысты қазір аға буынның бос уақытын тиімді ұйымдастыру кемшін қалу­да. Қалаға көшіп келген кейбір қарттар санда болғанымен, қа­тар­да жоқ. Осы мәселе де оң жол­ға қойылса деймін.

Болат ЖАКИН,

зейнеткер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp