«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Sensitive”-тің сырлы әлемі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында “Sensitive” би ұжымының “Танцуем любовь” атты есеп беру концерті өтті.

Шараға ұжым бишілерімен қа­тар Ақан сері атындағы облыстық филар­монияның вокалистері мен қазақ теат­рының әртістері де қа­тысты. Оның ішін­де “Меломикс” тобы, Асхат пен Ди­нара Таушев­тар, Руслан Мұстафин, Айбол Қа­сым мен Гүлдана Асқарова кө­рермен көзайымына айналды.

Би ұжымының орындауындағы “Ақ­қудың адалдығы”, “Батылдық”, “Абай жаны”, “Вальс”, “Самба”, “Румба”, “Соло”, “Ча-ча-ча”, “Квик степ”, “Танго” нөмірлерінің әрқай­сы­сы жиналған­дар­ға ерекше көңіл күй сыйлады.

– “Сенситив” – көрермен қауым­ды биі­мен жылата да, қуанта да алатын ұжым. Мысалы бишілер “Абай жанын” орындаған кезде ақынның ішкі арпа­лысын қимыл­мен жеткізуге тырысты, – дейді қала тұрғыны Райымбек Ке­кілбай.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp