«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Иесіз ит-мысықтарға арналған кешен пайда болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда еуростандарт бойынша салынған, қаңғыған ит-мысыққа арналған алғашқы баспана ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаңғыған ит-мысыққа арналған заманауи кешен Петропавл маңында бой көтерді. Жобаны жүзеге асырған кәсіпкер, белгілі меценат Андрей Исаков. Оның сөзіне қарағанда, мұндай мекеме елімізде жоқ, бұл – алғашқысы. Балалық шақтан үй жануарларын жақсы көретін оған иесіз қалған ит-мысыққа арналған баспана салу ойы осыдан бес жыл бұрын келген екен. Тәжірибе алу үшін ТМД елдерін аралап, ондағы жануарларға арналған панажайларды көрген. Харьковтегі баспана ұнап, соның негізінде биыл тамыз айында құрылысын бастайды. Қазір еуропалық үлгіде салынған кешенде 150 шақты ит пен 50 мысық бар.

«Бұл жерге жануарлар көп жағдайда өлімші халде түседі. Көліктің астына түскендері, бұрынғы иелері аштан өлтіру үшін әдейі байлап, тастап кеткендері бар. Оларды алдымен жуындырып, тамақтандырамыз. Ауруларын емдеп, екпе саламыз. Екі қабатты кешенде ит-мысықты орналастыратын орындардан бөлек, оларды жаттықтыратын және келген қонақтарды қарсы алатын залдар болады.

Білікті мамандар бар ветеринарлық клиника ашылады. Болашақта өлген жануарлардың өлекселерін өртейтін крематорий салынады. Қонақүй ашу жоспарда бар. Мұнда демалысқа кеткен тұрғындар ит пен мысықтарын уақытша бірнеше күнге қалдыра алады», – дейді Андрей Исаков.

Кешен 500 ит пен 300 мысыққа арналған. Олардың күтімімен 20 адам айналысатын болады.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp