«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызылжарда екі емхана және аурухананың құрылысы жүріп жатыр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы жаңа ықшам аудандарда бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын екі емхана салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда құрылысы жүріп жатқан екі емхананың бірі «Береке» ықшам ауданында орналасқан. 250 адамдық емдеу мекемесі келер жылы пайдалануға берілмекші.

Дәл осындай нысанның құрылысы «Жас өркен» ықшам ауданында да басталды.

Қазан айында жұмыс басталып, осы күнге дейін 350 млн теңге игерілді. Жалпы жобаның құны – 2 млрд 300 млн теңге.

«Биыл сәуір айынан бастап нарықта құрылыс материалдарының бағасы екі есе қымбаттады. Әсіресе, темірден жасалған керек-жарақтың бағасы шарықтап тұр. Мәселен, тіреуіштің метрі жобада 4200 теңге болса, қазір 8 мың 600 теңгеден сатылып жатыр. Сондықтан қажетті құрылыс материалдарын еліміздің түкпір-түкпірінен тиімді бағамен жеткізіп жатырмыз. Мәселен, кірпішті Нұр-Сұлтан қаласынан әкелеміз», – дейді мердігер компанияның директоры Андрей Капустин.

Құрылыс алаңында 50-ге жуық жұмысшы, 10-нан астам техника жұмыс істеп жатыр.

Құрылысшылардың айтуынша, әзірге ауа райы қолайлы, материалдар да уақытында жеткізіліп жатыр.

Жұмысшылар да еңбекақысын уақытында алып келеді. Емхананы келер жылдың күзінде қолданысқа бермек.

СҚО құрылыс басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы жылдары өңірде тек денсаулық сақтау саласында ғана 14 аурухана салынып, 6 емхана пайдалануға берілді.

Қазір облыс орталығында екі емханадан бөлек облыстық аурухананың құрылысы жүріп жатыр.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp