«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде орманды заңсыз кесуден қорғауда жаңа технологиялар қолданылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Солтүстік Қазақстан облысында ормандарға ғарыштық мониторинг жүргізіліп келеді. Бұл ағашты заңсыз кесуден қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетi «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ компаниясымен үздiксiз ғарыштық мониторинг арқылы ормандарды пайдалануды жыл бойы бақылаудың көп деңгейлi жүйесiн құрды. Мақсат – ормандарды заңсыз кесуден, орман өрттерiнен және өрттерден, табиғат қорғау заңнамасын басқа да заңбұзушылықтардан қорғау.

Мониторинг мемлекеттiк орман шаруашылықтарының, орманшылықтың, телiмнiң, алаңның орнын және кесiлген ағаштың көлемiн жедел түрде көрсете алады. Тек ол үшін мемлекеттiк орман шаруашылықтары комитетке-уәкілетті органға ағашы кесілуге берілген әр учаске бойынша оның заңдылығын растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.

«Ғарыштық мониторинг iс жүзiнде өз тиiмдiлiгiн растады. 2020-2021 жылдары облыс бойынша барлық ағашы кесуге берілген учаскелер бойынша 100 % қабылдау ұйымдастырылды, 4 мыңнан астам ағаш кесу орындарын куәландыру актiлерi жасалды.

2021 жылы ағаш кесуге 518 рұқсат құжаты берілді. Биыл уәкiлеттi орган екi рет 37 ағаш кесу орындарында отын дайындау заңдылығы бойынша ақпарат сұрады. Барлық учаскелерге орманшылар барып тексердi және қолдарындағы құжаттардың заңдылығына құжаттық тексеру жүргiзiлдi, заңбұзушылықтар анықталған жоқ», – дейді басқарманың маманы Сәуле Сүлейменова.

Биыл облыста 869 гектар алқапта ағаш отырғызылды. Жыл сайын мемлекеттiк орман шаруашылықтары отын дайындау жұмыстарынан кейін 6 мың гектардан астам алқапты тазалайды.

Жалпы биыл мемлекеттiк орман қоры аумағында заңсыз ағаш кесудiң 10 жағдайы анықталды. Жалпы көлемі – 121 текше метр, келтiрiлген шығын 489 мың теңге. 7 хаттама толтырылды, заңбұзушылардан 90 текше метр заңсыз кесiлген ағаш, 4 бензин арасы тәркіленіп, 7 iс сотқа беріліп, қаралды. Кiнәлiлерге 1 млн теңгеден астам әкiмшiлiк айыппұлдар салынды, сондай-ақ олар 435,5 мың теңге сомасында келтірген залалдың орнын толтырады.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp