«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде Аризона университетінің үлгісіндегі мектеп құрылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР Парламенті Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына берген жауабында жоғары оқу орындарын төрт санатқа жіктеу не үшін қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ашықтықты қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарын топтарға бөлу тетігі жоғары оқу орындарының өтінімдері орналастырылатын арнайы ақпараттық платформа арқылы жүзеге асырылады. Өтінімдер келіп түскеннен кейін жұмыс тобы тиісті сараптама жүргізеді. Сонымен қатар, заң жобасында жоғары оқу орындарын топтарға жіктеу ережелері мен критерийлерін әзірлеу және бекіту нормасы қарастырылған», – деп жазды Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында .

Қолданыстағы заңнамаға түзетулер қабылданғаннан кейін Білім және ғылыми министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың тізбесін бекітеді.

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында қазақстандық жоғары оқу орындарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді тәсіл қарастырылған. Бұл мақсат Білім беруді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасында да көзделген. Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, университеттердің зерттеу және инновациялық экожүйесін қалыптастыруға бағытталған «Академиялық үстемдік орталықтары» жобасы қолға алынды», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, арнайы кеңес академиялық үстемдік орталықтарын құру үшін 15 өңірлік және 5 педагогикалық жоғары оқу орнының тізбесін бекіткен.

Сондай-ақ, Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша екі өңірлік озық жоғары оқу орнын құру пысықталып жатыр.

«Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, АҚШ-тың Аризона университеті және ҚР Білім және ғылым министрлігі арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында қосдипломды білім алу, жоғары білікті оқытушыларды тарту, зерттеу әлеуетін арттыру және озық тәжірибе орталығын құру қарастырылған. Солтүстік Қазақстан университетінің базасында екі мектеп құрылды: Назарбаев университетінің басқаруындағы «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың жоғары мектебі» және Аризона университетінің сенімгерлік басқаруындағы «Технологиялар және жаратылыстану ғылымдарының жоғары мектебі». М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің базасында дашетелдік әріптестермен бірге мектептер ашылады. Жаңа кәсіптер атласы негізінде инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу, шетелдік әріптестермен академиялық алмасу жұмыстары жалғасын табады. Жалпы, жоғары оқу орындарын төрт топ бойынша саралау жоғары оқу орындарын білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – вице-премьердің жауабында.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp