«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Электр сымын ұрлаған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданының поли­ция қызметкерлері ұзындығы 11 шақырымнан асатын электр желісінің сымын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тер­геуде. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 2,5 миллион теңгені құрайды. Аудан орталығынан Тру­довая Нива ауылына дейінгі учаскеде жоғары вольт­тық бағандардағы сымдардың жоғалғанын анық­таған аудандық электр желісін тарату станциясының бастығы жел­тоқсан айының басында полицияға жүгінген.

Жедел-тергеу тобы қызметкерлерінің күдігі электрмен жаб­дықтау саласында жұмыс істейтін адамдарға түскен. Күдік расталып, ұрылар аудандық электр желісін тарату станциясында жұ­мыс істейтін Бескөл ауылының тұрғындары болып шықты. Қауіпті учаскелердегі ұрлық тамыз айын­да басталғаны анықталды. Қазіргі уақытта ұрланған сымдарды қайтарып алу бойынша жұмыс жүргізілуде. Ұрланған сымдардың металл қабылдау пункіттеріне өткі­зілгені белгілі болды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp