«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Қоспажем – қажет өнім

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тайынша ауданында жылына 72 мың тонна дайын өнім шығаратын қоспажем зауыты ашылды. Жаңа нысанның жұмысымен өңір басшысы Құмар Ақсақалов танысты. Зауыт сапалы мал азығын өндіреді. Құрылысына кәсіпкер 1 млрд. теңге жұмсаған. Еуропадан әкелінген қондырғы 13 түрлі қоспажем шығаруға мүмкіндік береді. Жемазықты төрт түлікке де, құстарға да беруге болады, балықтарды қоректендіруге де жарамды.

– Біз сүт фермаларын, борда­қылау алаңдарын және құс фаб­ри­каларын салып жатырмыз. Оларға жем-азық базасы қажет. Жаңа зауыттың ашылуы жергілік­ті ауыл шаруашылығы тауар өндіру­шілерін сырттан өнім әкелмей, құрама жеммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл фермалар мен мал бордақылау алаңда­ры­ның өнімділігін айтарлықтай ұл­ғайтатыны анық. 70 жаңа жұмыс орны ашылды, – деді жаңа кәсіп­орынның жұмысын көрген облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Қоспажем зауыты Тайынша­да­ғы элеватордың аумағында орна­ласқан. Бұл жерде өнім сапасын бақылауда ұстауға қажет зертха­на бар.

– Қоспажемді қаптайтын кеше­ні­міз де бар. Өнімімізді 50 келілік қаптарға да, үлкен биг-бэгтерге де саламыз. Бұдан бөлек, бидай қабылдап, кептіріп, сақтаумен ай­налысамыз. Биыл элеваторға газ қондырғысын орнаттық, май­лы да­қылдарды қабылдайтын эле­ва­торды іске қостық, қоймалары­мызды жөнге келтірдік, – дейді “Элеватор-Тайынша” жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестігінің ди­ректоры Шиназбек Балқыбек.

Құмар Ақсақалов ауданға са­пары барысында “ЕМС Агро” се­ріктестігінің шошқа кешенінде де болды. Бұл ферма болашақта елі­міздегі ең ірі комбинаттардың бірі­не айналмақ. Биыл кешенді үл­кейтуге 16 млрд. теңгеден астам ин­вестиция тартылды. Нәтиже­сін­­де кәсіпорын жылына 20 мың тон­наға дейін шошқа етін шығар­мақ. Жоспар бойынша құрылыс жұ­мыстары 2022 жылы баста­лады.

Наталья АИТОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp