«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Өрт оқиғалары жиілеген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде жыл басынан бері 731 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 53 адам көз жұмып, 41-і түрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі депар­тамент мамандары ұйымдастырған баспасөз мәслихатында айтылды.

Биылғы жылды қорытынды­ла­ған ведомство қызметкерлері өрт­тің басым бөлігі жеке тұрғын үй сек­торында орын алғандығын жет­кізді.

– Материалдық шығын көлемі 250 млн. теңгені құрады. Мереке күн­дері қарапайым сақтық ереже­лерін елемегендер қатары көбе­йеді. Салдарынан өрт сөндіру бөліміне түсетін шақыртулар да артады. Жаңа жыл мейрамында тұрғындардың көбі пиротехника­лық құрылғыларды пайдалана­ды. Отшашуларды рұқсат етілмеген орындардан алғандар­дың дені зардап шегіп жатады, – деді департаменттің бас маманы Ербол Мұхамбеталин.

Пиротехникалық зат­тарды сатумен айналысатын азаматтарда арнайы сертифи­кат­тар болуы шарт. Өкінішке қарай, тұтынушылардың көбі сатушы­дан рұқсатнама қағазын сұра­майды. Кесірінен лицензиясы жоқ адамдардан алынған тауардың сапалы болуына ешкім кепілдік бере алмайды.

Соңғы екі айдың ішінде облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің 83 қызметкерінен жасақталған 24 топ өңір аумағын­дағы барлық базарлар мен сауда-саттық орындарын тексерді. Ма­мандар қыс уақытында автокөлік­тер жиі өртенетініне де назар ау­дарды. Бүгінге дейін облыс аума­ғында мұндай 8 жағдай тіркелді. Петропавл қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі басқар­ма­сы­ның бастығы Владимир Хути­наевтың айтуынша, басты себеп – көлік қозғалтқышындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Брифингте департамент өкіл­дері қала мен облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, үйдің мұржаларын уақтылы таза­лап тұруға шақырды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp