«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алтын алма, алғыс ал

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Jas Otan” жастар қанатының еріктілері биыл жалғызбасты зейнет­керлердің үйлеріне 85 рет барып, көмек қолын ұсынды.

“Biz Birgemiz” еріктілер қозғалысы зейнеткерлер мен жалғыз тұратын қарт адамдарға көмек көрсетуді жалғастыруда. “Арда­герлерді ардақтайық” жобасы аясында да тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетілді. Жақында “Jas Otan” жастар қанатының бел­сенділері Петропавл қаласының тұрғыны Сара Бекенованың үйіне барып, ауласын тап-тұйнақтай етіп тазалап берді. Сара апайдың дүниеден өткен жұбайы Тас­болат аға ақын Мағжан Жұма­баевтың туысы болғанын айта кеткен жөн.

Көмекке мұқтаж жандар арасында тыл еңбеккерлері, жалғызілікті қариялар көп. Оларға көмек беруден ешқашан бас тартпай­мыз. Облыстық және қалалық ар­дагерлер кеңестерімен үнемі ха­барласып, аз қамтылған, көпба­лалы от­басылар жайлы мәліметтер алып тұрамыз. Жақында қа­тарымыз №2 орта мектептің жо­ғары сынып оқушыларымен толықты. Олар еңбек ардагері Сәлтай Өмірзақованы Жаңа жыл мере­кесімен құттықтап, ауласын қардан тазалап, су тасып берді.

Біржан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,

“Jas Otan” жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp