«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Интернетте ақшасын еселегісі келген петропавлдық 3 млн теңгесінен айырылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл тұрғыны әлеуметтік желіде алаяқтардың арбауына түсіп, 3 млн-ға жуық теңгесінен айырылды. Жылдам пайда көрмек болған ер адам енді қарызға белшесінен батқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл тұрғыны әлеуметтік желілердің бірінде ақшаны тез еселеуді ұсынған парақшаның жарнамасын көріп қалады.

Ол ұсынылған сілтеме бойынша сайтта тіркелген. Көп кешікпей брокерлік сайттың өкілдеріміз деген біреулер WhatsApp мессенджері арқылы байланысқа шыққан. Алаяқтардың нұсқаулары бойынша ер адам 65 мың теңге инвестиция салған. Біраздан соң сайтқа ақшасының еселенгені жөнінде хабарлама келеді.

Мұны көрген ер адам табысын тексеріп, екі банктен миллион теңгеден несие, танысынан 850 мың теңге қарыз алып, барлық қаржысын «инвестицияға» салады.

Кейін «менеджерлер» байланысқа шықпай қойған. Ер адам сайттағы шоттан қаражатын қайтара алмаған.

3 миллионға жуық ақшасын алаяқтарға бергенін түсінген ол, полицияға жүгінді.

«Облыста жыл басынан «ақша еселеумен» байланысты интернет-алаяқтықтың 17 фактісі тіркелді. Кейде күмәнді ұсыныстардан мол табыс табуға жәбірленушілерді таныстары тартады, кей жағдайда алаяқтар брокерлік сайттардың көшірмелеріне сеніп қалады. Қулықтың бұл түрі барлық елдерде кездеседі. Сондықтан интернетте сақ болуға, оңай олжаға сенбеуге, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береміз», – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp