«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлдағы сәбилер үйінің құрылғанына 100 жыл толды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда 10 мыңнан астам балаға көмек көрсетіп, қолдау білдірген әлеуметтік мекеме – сәбилер үйіне 100 жыл толып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдағы сәбилер үйі бүгін салтанатты түрде ғасыр тойын атап өтті. Қазіргі уақытта мекемеде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 42 бала тәрбиеленіп жатыр. Бұл жерде сәбилерді 3 жасқа дейін ұстайды. Олар 100-ге жуық маманның – тәрбиешілердің, дәрігерлер мен медбикелердің қамқорлығында.

Заманауи жарақтандырылған мекемеде музыка залы, денсаулықты түзеуге арналған логопед, физио, сенсор, дене шынықтыру кабинеттері жұмыс істейді. 42 бала 5 топқа бөлінген. Солардың бірі «Үміт» тобы. Мұнда жұмыссыз, үйсіз қалған келіншектер өздерінің ұл-қыздарын уақытша орналастыра алады.

«Сәбилерін уақытша қалдырған аналар жағдайларын түзегеннен кейін балаларын алып кете алады. Алайда сәбиді қолына бермес бұрын оның тұрмыс жағдайын тексереміз. Жұмыс тауып, баласын асыра алатындай жағдайда ғана әкете алады», – дейді сәбилер үйінің директоры Лилия Федотова.

Мекеме жұмыс істеген 100 жыл ішінде 10 мыңнан астам бала бұл жерде көмек алып, қолдауға ие болды. Олардың 40 %-ы ғана биологиялық әке-шешесімен қауыша алды. Жетімдердің 30 %-ын мейірімді жандар өз қамқорлығына алды.

Биыл сәбилер үйінде жыл басынан 94 нәресте болса, олардың 52-сі туған ата-анасына тапсырылды. Тағы 8 сәбиді қамқорлыққа алды. Ал 3 жастан асқан 3 бала Полудино ауылындағы балалар үйіне ауыстырылды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp