«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СПОРТЫ АЛҒА БАСҚАН АУЫЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысы әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда болып, Раисовка ауылында салынған “Жастар” хоккей кортының ашылу рәсіміне қатысты. Жабық хоккей кортының жалпы аумағы – 2590 шаршы метр. Құрылысқа бюджеттен 84 млн. теңге жұмсалса, “Раисовка” ЖШС-і өз қаражаты есебінен 15 млн. теңге жұмсап, айналаны абаттандырды. Киім ауыстыратын бөлмелер талапқа сай жабдықталған.

Серіктестік директоры В.Кова­ленконың өзі шаңғышы болған­дықтан, ауылда қысқы спортты да­мытуға көп көңіл бөлініп келеді. Спорт шебері Т. Заболотнаяны ту­ған ауылына шақырып, ол хоккей, конькимен жүгіру, шорт-трек сияқ­ты қысқы спорт түрлерінің да­муына үлес қосты. Жаттықтыру­шы­ның шәкірттері аудан, облыс құрама командаларының құра­мына алынып, жақсы қырла­рынан танылып жүр. Бүгінде 50 балғын қысқы спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысады.

Спорттық форма киген жас хок­кейшілер мұз айдынына шық­қанда тұрғындардың көңілін мақ­таныш сезімі кернеп, ішкі сүйініш­терін жасыра алмады. Өңір бас­шысы ауылдықтарды спорт ныса­нының ашылуымен құттықтай келіп, облыста 12 жабық хоккей корты жұмыс істеп жатқанын айт­ты. Жақын арада осындай тағы 6 нысан пайдалануға берілетінін жеткізіп, 11 жас хоккейшіге ар­найы сыйлықтар тарту етті.

Жұртшылық концерттік бағ­дар­ламаны тамашалағаннан ке­йін шорт-трек секциясының тәр­биеленушілері – конькимен жүгі­руден спорт шеберлігіне үміткер Вла­дислав Коваленко, биыл Ре­сейдің Челябі облысында өткен жа­рыс жеңімпазы Карина Кова­ленко, мәнерлеп сырғанаудан екінші разрядты спортшы Злата Коваленко өз өнерлерін паш етті.

Хоккейден “Қызылжар” және “Раисовка” әуесқой командалары арасында өткен жолдастық кездесуде қонақтар жеңіске жетті.

Облыс әкімінің ауданға жұмыс сапары “Возвышенка СК” ЖШС-де жалғасты. Мұнда әкім тауар­лы-сүт кешенінің құрылысымен та­нысты. Жоба құны – 2 млрд. тең­ге. Ферманың бірнеше блогы тұр­ғызылып, 600 бас асыл тұқымды ірі қара малының алғашқы легі жеткізілді. Енді “Карусель” сауу кешені орнатылып, мал бордақы­лау цехы, санитарлық бақылау бөлмесі, тағы басқа қосалқы құрылыстар салынады.

Ауыл шаруашылығы құрылым­дары басшыларымен өткен кез­де­суде аудан әкімі Серік Мұ­ха­медиевтің биыл атқарған жұмыс­тарының қорытындысы және ал­дағы жоспарлары жайлы есебі тың­далды. Келесі жылы “Будён­ный”, “Дудов”, “Әділ басқарушы компания”, “Намыс” шаруашы­лық­тары тауарлы-сүт ферма­ла­рын салумен айналыспақ. “На­мыс” ЖШС-нің жетекшісі А.Ка­сьяненко 1000 басқа арналған кешеннің жобалық құжаттары да­йындалып жатқанын, инвес­тиция көлемі 3 млрд. теңгені құ­рай­тынын жеткізді.

Құмар Ақсақалов 2022 жылы мал шаруашылығы саласын да­мыту бағдарламалары жалғаса­ты­нын атап көрсетті. Тек Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда ғана төрт тауарлы-сүт фермасы іске қосылады. 600 бас ірі қараға арналған бір ферманың құры­лы­сына кемі 1,5-2 млрд. теңге қажет. Мемлекет ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына инвестиция тү­рінде қолдау көрсетуге әзір. Әкім халықтың өмір сүру сапасын жақ­сарту, тұрғын үйлер, аурухана­лар, мектептер салу, жолдарды, инженерлік-коммуникациялық ин­фрақұрылымды қалпына келтіру басты міндет болып қала береті­нін айтты. Келесі жылдың бюд­жеті нақтыланып, 50 елді ме­кеннің әлеуметтік-экономикалық жайы жақсартылады. “Ауыл­дар­дағы тәртіп пен тазалықты сақтау, қараусыз қалған үйлерді сүріп, жаңаларын тұрғызу басты назар­да болуы керек”, – деді өз сөзінде Құмар Іргебайұлы.

Сәуле ЕСЕНТАЕВА,

аудандық “Есіл өңірі” газетінің редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp