«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сырт алаңдағы тартыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Хоккейден ел біріншілігі жалғасуда. Петропавлдық “Құла­гер” клубы сырт алаңда “Номад” командасына қарсы екі ойын өткізді.

Бірінші кездесуде жерлестеріміз елордалық хоккейшілермен тең ойын өрнегін көрсетті. Есепті елордалықтар ашқан. Жерлестеріміз қатарынан екі шайба соғып, есепте алға шыққан. Екін­ші бөлімде де қос қақпаға бірнеше шайба дарыды. Соңғы жиырма минуттықта “Номад” қарқынға қарқын қосып, алға ұмтылды. Бірақ нәтижені теңестіре алмады. Қорытынды есеп 4:5.

Екінші кездесуде ойын тізгінін өз қолдарына алған мұз айдынының иелері айқын басымдық танытты. Есеп – 7:1. Қазіргі уа­қытта турнир кестесінде жерлесте­ріміз 7-ші сатыда, “Номад” 5-ші орында келе жатыр. Көш басында – көкшетаулық “Арлан” клубы.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp