«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 30.12.2021

Тағдыр табыстырған

Темір жол саласы маманда­рына жүктелетін негізгі міндеттердің бірі – жауапкершілік. Қырағылық пен сақтықты қажет ететін бұл мамандықты игерген ерлі-зайыпты Марат Бөлебаев пен Ғазиза Отарбаеваны тағдырдың өзі тоғыстырған сияқты.

Сегіз қырлы, бір сырлы

Заманының заңғары Шал ақынның: Айдынды жақсы аймен тең, Жомарт жігіт баймен тең, Шешен жігіт дүрмен тең, Имансыз көңіл кірмен тең, – деген аталы сөзі бар. Осы бір шумақтарды оқығанда Жандос Мә­ди­ға­жы­ұлы деген азамат есіме түседі. Айнала­сына шуақ шашып, үлкенді де, кішіні де құрдас қылып алатын қасиеті бар әзілқой, көңілін кір шалмаған кеңпейіл, ешкіммен есептеспей­тін мәрт …

Сегіз қырлы, бір сырлы Read More »

АР ТАЗАЛЫҒЫ

2016 жылдың 21 қарашасында өткен республика судьяларының VII съезінде судьяның әдеп кодексі қа­былданып, қызметтегі және отставкадағы судьяларға қатысты әдеп нормалары бекітілгені белгілі. Әдеп кодексі енгізілуінің себебі – судьялар сот төрелігін жүзеге асыруда ерекше өкілеттікке ие болғандықтан, олардың жүріс-тұрысы, өзін ұстауы, моральдық-этикалық болмысы жоғары деңгейде болуы тиіс. Онда қойылған талаптардың мүлтіксіз сақталуы азаматтардың сотқа деген сенімін …

АР ТАЗАЛЫҒЫ Read More »

МЕНІҢ ҚОС БӘЙТЕРЕГІМ

Әкем – Бекбай Әділжан­ұлы көзі тірісінде терең ойлы, адамдық абыройын жасынан сақтаған, ел ішінде еңсесі биік, беделді кісі болды. “Кел­местің кемесіне мініп” кеткені­не ал­пыс жылдан асса да ауылдас­тары, дос-жарандары, туған-туысқандары оны “се­­гіз қыр­лы, бір сырлы аза­мат еді” деп еске алып оты­рады.

Ұрпаққа аманат

Айыртау ауданындағы Иманбұр­лық өзенінің жағасында кезінде Жа­рағаш деген шағын ауыл болды. Сол оймақтай ғана елді мекенде 1928-1985 жылдары алты алашқа даңқы жа­йылған Жәпек батырдың ұрпақтары өмір сүрді. Бүгінде ел жан-жаққа та­рап, естелік айтар көненің көзіндей, та­рихтың өзіндей болған қарттар азай­ды. Осы ауылдың тумаларының бі­разы таяқ тастам жердегі Кириловка, Николский ауылдарында, аудан орта­лығы Саумалкөлде тұрып жатыр.

Жаңғырту жұмыстары жалғасады

“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ жөндеу және қайта құру жұмыстарына 3,7 млрд. теңге бағыттап, жылу электр орталығының 8 қазандығы мен 5 турбоагрегаты қалпына келтірілген. 14,2 шақырым жылу желісін жаңғыртуға 1,1 млрд. теңге жұмсалған. Келесі жылы кәсіпорындардың жабдықтарын жөндеуге, қайта құруға 9,5 млрд. теңге бөлінбек. Энергетикалық кешенді талапқа сай дамытудың қаншалықты маңызды екенін Петропавл №2 жылу-электр орталығында жақында болған …

Жаңғырту жұмыстары жалғасады Read More »

Науқастар саны азайды

Облыста 29 желтоқсандағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын 41 адам жұқтырды. Қауіпті індетке шалдыққан науқастардың 90 пайызында ауру белгілері бар. Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Шал ақын, Аққайың, Мағжан Жұмабаев, Мамлют аудандарында бір науқастан анықталса, Айыртау, Есіл, Қызылжар аудандарында да жаңа жағдайлар тіркелді. Қауіпті инфекция жұқтырғандар саны облыс орталығында басым болып отыр.

БАРЫС ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?

Әрбір адам өткен жылды қорытындылап, келер жылға жоспар құратыны белгілі. 2021 жыл еліміз үшін түрлі жаңалықтарға толы болды. Жағымдысы да бар, жайсызы да кездесті. “Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа” деп тілек айтатын аталарымыздың дәстүріне салып, барыс жылы бізді несімен жарылқайтынын бағамдап көрдік. Соны оқырман назарына ұсынамыз.

Ақынға – мектеп, батырға – спорт кешені

2021 жылы өңірде болған оқиғаларға шолу 2021 жыл да тарих қойнауына еніп, жаңа 2022 жылдың парағы ашылды. Жаңа жылдан жақсылық күтетін халқымыз өткен жылға да разы. Себебі көптеген жағымды жаңалықтар мен игі оқиғалардың куәсі болды. Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толған еліміздің жан-жақты дамуына Солтсүтік Қазақстан облысының қосқан үлесі орасан. 2021 жылы орын алған оқиғалардың бірқатарын …

Ақынға – мектеп, батырға – спорт кешені Read More »

Біздің облыс — бірінші орында

“CSI ratings” ұйымы Қазақстан өңірлері бойынша кезекті рейтингтің қорытындыларын шығарды. Бұл жолы назарға жергілікті билік органдарының 2021 жылдың 3 тоқсанындағы қызметі алынған. Бағалауда да бірқатар өзгешеліктер бар. Атап айтқанда, ауызсудың сапалық өлшемі енгізілді.

Қызыл жалынды ауыздықтаған

Өртсөндірушілердің өмірі қауіп-қатерге толы. Олар бір адамды аман алып қалудың өзі қаншалықты күшті, жауапкершілікті, ерлікті талап ететінін жақсы біледі.Осындай жүгі ауыр салада жанкештілікпен қызмет етіп жүрген мамандардың бірі – Петропавлдағы №3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Айтбай Сәдуақасов. Түрлі апаттармен арпалысып, от пен судың ортасынан көптеген адамның өмірін арашалап қалған өжет өртсөндіруші жақында мемлекеттік наградамен …

Қызыл жалынды ауыздықтаған Read More »

СҮТ ФЕРМАЛАРЫ САЛЫНУДА

Тауарлы-сүт фермаларын салу бүгіндері облыста ауыл шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткішіне айналды десе де болады. Агроқұрылымдар ірі қара өсіріп, сүт өндіруге баса мән беріп отыр. Қызылжар ауданының шаруалары да бұл үрдістен қалған жоқ. Қазіргі күні ауданда екі ірі ферманың құрылысы жүріп жатыр. Бірі – Березовка, екіншісі Петерфельд ауылында.

ӘСЕРЛІ КЕЗДЕСУ

Достығымыз әрқашан сақталады, Ән-жырымыз жүректе жатталады. Бірге жүрген сол күндер қандай ыстық, Жастық шақтан жан сырды ақтарады, — деп жерлесіміз Шашубай Малбыдаев жырға қосқан­дай жалындаған жастық шақ — адам өмірінің ең та­ма­ша кезеңі. Талай қызықты бірге өткізген дос­тар­мен сағыныса қауышудың өзі бір бақыт екен ғой.

Шәкірт шаттығы — мұғалім мерейі

Тимирязев ауданында оқушы­лар­дың бойына ұлттық құндылық­тар­ды сіңіріп, ана тілімен сусындатып жүрген үш білім ошағы болса, солар­дың арасында бірегейі де, беделдісі де – Тимирязев жалпы білім беретін қа­зақ мектеп-интернаты. Осыдан 14 жыл бұ­рын өз алдына шаңырақ кө­терген білім үйі анадайдан көз тартатын 400 орын­дық үш қабатты зәу­лім ғимаратта ор­наласқан. Мектеп-интернат ашылған­нан бастап биыл­ға дейін басшылық етіп, …

Шәкірт шаттығы — мұғалім мерейі Read More »

Асыраушысынан айырылғандарға жәрдем

Елімізде асыраушысынан айырылған жағдайда берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыны заңға сәйкес асыраушысынан айырылған және асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерiнің алуына құқығы бар. Бұл асыраушысы хабар-ошарсыз кеткендер немесе қайтыс болды деп танылғандарға да қатысты. Тек сот тәртiбiмен ресімделген болса жеткілікті.