«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Жас өркенде” — жаңа емхана

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста құрылыс жұмыстары қарқын алып, кең қанат жайып келеді. Тәуелсіздік жылдары 14 аурухана мен 6 емхана пайдалануға берілді.

Бүгінгі күні Береке шағынауданында 250 орынға шақталған емдеу мекемесінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ “Жас өркен“ шағынауданында да осындай үлгідегі нысан салынуда. Ол 2022 жылдың аяғында іске қосылмақ. Бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын емхананың құрылысы қазан айында басталған болатын. Мердігер компания – “Альфа Север“ ЖШС-і. Жобаның құны 2 млрд. 300 млн. теңге болса, бүгінде оның 350 млн. теңгесі игерілді.

Мердігер ұйым құрылыс жұмыстарына еліміздің кәсіпорындарында өндірілген материалдырды пайдалануда. Мәселен, кірпіш Нұр-Сұлтан қаласынан жеткізілуде. Құрылыс жұмыстарына 50-ге жуық жұмысшы мен 10-нан аса техника жұмылдырылған.

Жобаға бөлінген қаражат ғимарат салудан басқа, емхананы барлық қажетті жабдықтармен толық жарақтандыруға жұмсалады. Оның ішінде цифрлық рентген, цифрлық флюорографиялық аппараттар сияқты заманауи технологиялардың көптеген түрлері бар.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

Soltüstık Qazaqstan“.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp