«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Екі апта ішінде 300-ден астам заңсыз пиротехникалық өнім тәркіленді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Пиротехника» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңін қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкерлері ведомстволық аккаунттарда тікелей эфир ұйымдастырып, мерекеде құқық бұзушылықтардың және сертификатталмаған пиротехникалық заттармен байланысты болатын оқыс оқиғалардың алдын алуға арнады.

Тәртіп сақшылары желі қолданушыларына жаңа жылдық мерекелер кезінде жазатайым оқиғалардың саны едәуір артатынын еске салды. Құжаты жоқ, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы мен нұсқаулықтарды бұза отырып петардалар, отшашуларды пайдаланудығ салдары ауыр жарақаттар мен өрттерге әкелуі мүмкін. Желтоқсанның 15-і мен 30-ы аралығында әкімшілік полицейлер «Пиротехника» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі аясында жұмыс істеді. Олар лицензиясы жоқ пиротехниканы сату орындарын анықтады. Облыс орталығында қала тұрғындарына сертификатталған тауарды сататын екі дүкен ғана жұмыс істейді. «Пиротехника» іс-шарасының екінші кезеңі 5 қаңтарда басталады.

«Іс-шараның бірінші кезеңінде облыс аумағында полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 196-бабы бойынша 16 құқық бұзушылықты анықтады. Сондай-ақ 320 дан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім алынды. СҚО тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет екенін еске саламыз. Ата-аналар балаларына пиротехникалық заттарды өздігінен пайдалануға жол бермеуі тиіс, себебі бұл өнімдерден жарақат алу қаупі жоғары», – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp