«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Петропавл көшелерінде полицияның «дабыл батырмалары» іске қосылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл көшелерінде полициямен жедел байланысуға мүмкіндік беретін «дабыл батырмалары» пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа жыл қарсаңында Петропавлдағы «Жас Өркен» ықшамауданында № 4 учаскелік полиция пунктінің жаңа ғимараты ашылды. Ықшам ауданның аумағы 12 шаршы шақырымнан астам, онда 24 078 адам тұрады. Алайда халық саны әлі де артпақ, өйткені мұнда тұрғын үй құрылысы қарқын алған.

Аумаққа 7 учаскелік инспектор қызмет көрсетеді. Екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында кеңсе орналасса, екінші қабат тұруға арналған. Бұған дейін қызметтік тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пункттері тек аудандарда ғана ашылған еді. Жаңа нысанның ашылу салтанатында СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев жұмыстың сервистік моделіне көшу аясында халықпен іс-қимыл жасаудың негізгі принциптері қолжетімділік, жедел және мобильді әрекет ету екенін атап өтті. Бұлардың іске асырылуына жаңа біріктірілген кеңселердің жұмысы септігін тигізбек.

Сондай-ақ бұл күні екі «дабыл батырмасы» қолданысқа енгізілді. «Алтын арман» және «Евразийский» базарларына жақын жерге қойылған ол алыстан анық көрінеді. Аппараттық-бағдарламалық кешен полициямен қас-қағым сәтте аудио және бейне байланыс жасауға мүмкіндік береді. Батырма жерден 1 метр биіктікте орналасқан, оны балалар да пайдалана алады. «Дабыл батырмасы» қала әкімінің және СҚО ПД консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің қатысуымен ашылды.

«Техникалық жаңашылдық қауіпсіздік және түрлі жағдайларда телефонды алып, «102» нөміріне теруге уақыт тапшы болған кезде адамдарға хабарласуға қолайлы болуы үшін орнатылды. Бейнежазба қызметкерлерге жағдайды, қауіп деңгейін шұғыл бағалауға және жасақтардың әрекеттерін үйлестіруге мүмкіндік береді. Айта кететін болсақ, 2021 жыл ІІМ жүйесі үшін «»құқық бұзушылықтың алдын алу және «халыққа жақын полиция» қағидатын қамтамасыз ету жылы» деп жарияланды. Бұл қағидатты іске асыруда бірқатар жаңашылдық жұмысымызға енгізілді», – дейді полицияның генерал-майоры Марат Төлебаев.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp