«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Ортақ жауапкершілік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста 4 қаңтарда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 29 жағдайы тіркелді. Дерт жұқтырғандардың 93 пайызында ауру белгісі бар.

Жаңа жағдайлар Тайынша, Аққайың, Есіл, Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласында тіркелді. Жалпы өңірде 34939 адам қауіпті инфекция жұқтырды. Бүгінде облыста 278638 адам вакцинаның алғашқы, 255534-і екінші компонентін алды. Қазір ревакцинациялау шарасы белсенді жүргізілуде. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері де бұл шарадан қалыс қалмауда.

– Бүгінде студенттерді ревакцинациялауда “QazVac” вакцинасы егілуде. Бұған дейін олар “Спутник” екпесін алды. Сондай-ақ 17 жастағы студенттерге “Pfizer” екпесі қойылуда. Күн сайын жоғары оқу орнының медициналық пунктінде 15-20 адамға екпе салынады. Бұдан білім алушылардың вакциналау науқанына жауапкершілігі зор екенін аңғаруға болады. Екпеден соң әрбір адам жіті бақылауда болады. Қауіпті инфекцияға қарсы иммундық жүйені қалыптастыруда екпе қабылдаған адамда дене қызуының көтерілуі, өзін жайсыз сезіну орын алуы мүмкін. Бірақ бұл – қалыпты құбылыс. Кейбір студенттерде осындай жағдайлар кездесті. Алайда асқынулар орын алған жоқ, – деді №3 қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Арайлым Закирина.

Өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенті Сымбат Мынжанова ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін екпе алуды ұйғарған. Оның айтуынша, өзінің және жақындарының денсаулығы үшін әрбір адам дұрыс таңдау жасап, екпе алудан бас тартпауы тиіс. Ол өткен жылы вакцинаның екі компонентін алса, биыл ревакцинациялау шарасына қатысуды жөн көрді.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp