«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Тегін үйірме

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әлемдік мәдениетте адамзаттың ыждаһаттылықпен жинақтап, қастер­леп сақтаған құндылықтарын жастар­ға насихаттай отырып, келушілердің бос уақытын қызықты өткізетін орын – музей екені даусыз. Нағыз тарихи ай­ғақтардан тұратын мекеме ретінде та­нылған мәдени ошақты бұқараға та­ныс­тыру міндеті экскурсия жүргізу­ші­ле­рінің мойнына жүктеледі. Бұл ма­ман­­дық иелері адамның рухани бай­лығы мен тарихи білімін қалыптас­ты­ру жолында жұмыс жасауы қажет. Жас­­тар­дың музей өмірімен етене та­нысу­лары әрі экскурсия жүргізушіле­рінің жұ­мысына қанығулары үшін жуыр­да “Абы­лай хан резиденциясы” музей-ке­шені жанынан “Жас экскур­сия жүргізу­ші” атты үйірме ашылған болатын.

Музейдегі экскурсия жүргізушілері – өскелең ұрпақтың өз халқының та­рихын, мәдениетін зердесіне түйген отаншыл азамат ретінде қалыптасуы үшін еңбек сіңіреді, алыс-жақын ше­тел­ден келген қонақтарға қазақ хал­қы­ның тарихы сонау сақ заманы­нан бас­тау алғанын, ата-бабаларымыз­дан жеткен құнды мұралар қазақ хал­қы­ның тарихын дәріптейтінін айтады. Экскурсия жүргізушісі – жан-жақт­ы­лық­­ты және зерделікті талап ететін шы­ғармашылық мамандық. Мұ­ра­жай­да экскурсияны дайындау және өткізу оңай шаруа емес. Жас­тарға бұл кә­сіпті мектеп қабырғасын­да жүріп-ақ мең­геруге болады. Ол үшін бі­лім мен табандылық қажет. Сөзге ше­шендік, дәлдік әрі терең ойлылық та экскур­сия жүргізушіле­ріне керек қасиет.

“Абылай хан резиденциясы” му­зей-кешені жанындағы “Жас экскур­сия жүргізушісі” үйірмесі өткен жыл­дың қараша айынан бастап жұмыс істеп келеді. Аз уақыттың ішінде үйір­меміздің мүшесі атансам деген оқу­шылар қатары аз емес. Олар тегін ұйымдастырылатын сабақтарға қа­ты­суда. Болашақта өз өмірлерін мұ­ра­жаймен байланыстырғысы келе­тіндер де бар.

Бүгінгі таңда жас экскурсоводта­рымыз “Музейлер тарихы”, “Музей түр­лері”, “Экскурсияның мәні”, “Экс­кур­сияның мақсаттары мен міндетте­рі”, “Экскурсия түрлері”, “Экскурсия­ны өткізу ерекшеліктері”, “Экскурсо­вод­тың сөйлеу мәдениеті” тақырып­тарында мәдениет ордасына бас сұққан кез келген қонаққа экскурсия жүргізе алады. Биылғы оқу жылының соңын­да үйірме қатысушылары өз ата-аналарына, сыныптастарына, қала тұр­ғын­дарына арнап арнайы экскурсия өткізуді жоспарлап отыр.

Назгүл БЕЙСЕМБИНА,

“Абылай хан резиденциясы” музей-кешенінің жоғары санатты экскурсия жүргізушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp