«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ҚАНДАСТАРҒА — ҚҰТТЫ МЕКЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері еліміздің алған асуы, бағындырған белесі аз емес. Егемендіктің 30 жылы ішінде толағай табыстардың куәсі болдық. Сол же­тістіктеріміздің бірі және ұлт үшін ең маңыздысы – кезінде түрлі жағдайлармен төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қандастарымыздың атажұртқа бет түзеп, көшіп келуі.

Отандастар қорының мәліметінше, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн. 77,3 мың этникалық қазақ оралды. Қа­зақстанға көшіп келген қандастардың жартысынан көбі, яғни 76,3 пайызы – Өзбекстаннан, 10,4 пайызы – Қытай­дан, 6,2 пайызы – Түркіменстаннан, 2,7 пайызы – Моңғолиядан, 1,2 пайызы – Қыр­ғызстаннан, 0,5 пайызы – Иран­нан, 0,3 пайызы – Ауғанстаннан және қалған 2,5 пайызы басқа елдерден қоныс аударғандар. Қандастарымыз­дың шамамен үштен бірі Алматы об­лы­сына, 15 пайызы –Түркістан, 17,7 па­йызы – Маңғыстау және 8 пайызы – Жамбыл облыстарына, сондай-ақ 11 пайы­зы Шымкент қаласына қоныс­тан­ған. Қолда бар деректер бойынша, Қа­зақстанға алыс жә­не жақын шетелден көшіп келген қандас­тардың 90 пайызы қоныстанған жердегі жа­ңа жағдайлар­ға бейімделіп, тұрақтап қалды. Бұл – мемлекеттік қолдау жүйесінің тиімділі­гін айғақтайтын айтарлықтай жоғары көр­сет­кіш. Қазақтарды шетелден кө­шіру сая­саты демографиялық міндетті ғана емес, сонымен қатар тарихи әділеттілікті қалпына келтірудің ма­ңыз­ды бөлігіне айналды.

Солтүстік Қазақстан облысы да ұлы көш­ті алғаш қарсы алған өңірлер­дің қата­рында. 1992 жылы көші-қон бағдарламасы аясында Тимирязев ау­данының Белоградовка елді мекені­не Моңғолиядан 230 отбасы көшіп келген болатын. Елді мекенде қандастарға арналып жаңадан 78 үй бой көтерді. Көшіп келгендерге егіншілікпен айна­лысуға 15 гек­тар жер, адам басына 1 сиыр, 2 қойдан және кейбіріне жылқы берілді.

1989 жылдан 1994 жылға дейін бұл кең­шарды Игібай Шалов деген азамат басқар­ды. Ол еңбек атқарған жылдары Белогра­дов­када құрылыс қарқын ал­ды. Жаңа үй­лер, сауда орталығы, ор­та­лық қазандық, мал базалары, қой­ма­лар, машина-трактор шеберханасы, орталық астық кептіру цехы салынды, көшелерге асфальт төселді. Яғни, шеттен атажұртын аңсап келген аға­йын­ға ба­рынша жағдай жасалды. Қан­дастардың бірі трактор рөліне отырса, екіншісі жүк маши­насына жүргізуші болып орналасты, тағы бі­реуі орталық қыр­манға жұмысқа кірді, әйел­дер күтуші, медицина қызметкері, сауын­шы болып еңбек етті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шетте жүрген қазақтарға жолдаған үн­деуін есті­сімен-ақ байыз тауып отыра алмай, атаме­кен­ге оралуға бел байла­ған­дардың бірі – Дө­тей Балдықтың шаңырағы. Ол көштің басы болып ата­жұртқа қоныс аударды. Ерлі-за­йыпты Дөтей мен Дәметкен 1965 жылы ша­ңырақ көтеріпті. Отбасын құрғандары­на 60 жылға жуықтаса да араларын­дағы сүйіс­пен­шілік, бір-біріне деген құрмет пен сыйластық уақыт өте келе артпаса, кеміген жоқ.

Белоградовкаға келісімен көпба­ла­лы от­басы баспаналы болды. Жергі­лікті билік жағ­дайларын жасап, он шақ­ты қой мен екі сиыр берді. Жұмысқа ор­наластырды. Дөтей сол кез­дегі “Бело­градовский” кеңшарына есеп­ші болып орналасты, кейін “Луги­нин” жауап­кер­шілігі шектеулі серіктес­тігінде күзетші болды. Еңбекқор, жауапкершілігі жо­ғары ма­ман ретінде танылды. Сондай-ақ оның мық­ты сынықшы екенін де ай­та кеткен жөн. Қа­зақтың салт-дәстүрлерін берік ұстанатын бұл отбасы бие сауады, дастарқандарынан қымыз үзілмейді. Дәметкен апа – ісмер, қо­лы қалт етсе немерелеріне ине ұстатып, құ­рақ құрауды, киім пішуді, кесте тігуді үйрете­ді. Жүннен, былғарыдан оюлан­ған түрлі ұлт­тық бұйымдар жасайды.

Ерлі-зайыпты Дөтей мен Дәметкен қазір сегіз баласынан жиырма алты немере сүйіп отыр. Олар әркез бала­ларын еңбекке бау­лып, үлкендерді құрметтеуге тәрбиеледі. Үл­кен отбасы – көпке үлгі. Ауылдастары құр­мет­­тей­ді. Аудандық “Мерейлі отбасы” бай­қа­уында үздік атанып, облыстық кезеңге қа­тысқанын да айта кеткен жөн.

Белоградовка ауылына 1992 жылы қо­ныс аударған 230 отбасының көп­шілігі қазір еліміздің басқа өңірлерінде тұрып жатыр. Тек Дөтей ағамыздың әулеті ғана 30 жылға жуық бір орыннан қозғалмай отыр. Келген жерлерінде тұ­рақтап қалған отбасылардың саны – 45. Олар осы жерде өсіп-өнді, туған жер­дің игілігі үшін еңбек етіп, оның да­муына өз үлесін қосып келеді.

Қаншайым НАУРЫЗБАЕВА,

Тимирязев аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp