«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары халықаралық “Fantastic talent” шығармашылық байқауында жүлдегер атанды. Өнер додасында білім ордасының тәрбиеленушілері екі Гран-при және екі бірінші орынды иемденді.

Байқау Алматы қаласында өтті. Са­йыста жергілікті “Гәкку” би ансамблі қа­зылар алқасына 4 нөмірді ұсынды. Кө­рермендер ықыласына бөленген ұжым­ның “Мереке думан” биі дода­ның бас жүлдесіне лайық деп таныл­ды. Олар бұл туындыда халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін паш етті. Шағын ғана нөмірде ұлттық ойындар мен спорт түрлері де көрініс тапты. Бишілердің “Ветер перемен” атты ең­бегі де жоғары бағаланып, бас жүл­дені жеңіп алды. Ал “Үндестік” және “Тойға шашу” деп аталатын билері ан­самбльдің қоржынына тағы екі алтын жүлде салды.

Байқауға Петропавлдан бөлек, Ал­маты, Нұр-Сұлтан, Тараз, Семей, Тал­ды­қорған қалалары мен Қырғыз­стан­ның Бішкек және Ресейдің Түмені­нен келген командалар қатысты. Биыл “Гәк­ку”-дің бишілері Қырғызстанда өте­тін халықаралық жарысқа аттанады.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp