«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстан облысында ахуал бақылауда – әкім

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында жағдай тұрақты және толығымен бақылауға алынған. Облыс тұрғындары қалыпты өмірін жалғастыруда, интернетке қолжетімділікте іркіліс бар. Қоғамдық көлік, денсаулық ұйымдары, тұрмыс-тіршілікке қажетті объектілер штаттық режимде жұмыс істеуде. ҚазАқпарат бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жуырда облыс әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарға үндеу жасаған болатын.

«Елімізде соңғы күндері орын алған жағдай бәрімізге үлкен сын болды. Қазір баршамызға мемлекетімізді сақтау міндеті тұр. Президент елдегі ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар тапсырма беріп, нақты қадамдар жасады.

Облыста лаңкестік қауіптің бетін қайтару үшін тиісті күштер мен ресурстар жеткілікті. Негізгі мемлекеттік органдар штаттық режимде жұмыс істеуде. Біздің міндет – облыстағы маңызды нысандардың жұмыс істеуін және тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету. Ахуал бақылауда тұр», – деді өңір басшысы.

Құмар Ақсақалов солтүстікқазақстандықтарды арандатушылыққа бой алдырмауға, бейбітшілікті сақтау үшін тәртіп сақшыларына барынша көмектесуге шақырды. Әкім тұрғындарға жоғары азаматтық жауапкершілік, сабырлық пен саяси сауаттылық танытқаны үшін алғыс білдірді.

5 қаңтардан бастап Солтүстік Қазақстан облысында Төтенше жағдай режимі енгізілді. Облыс және Петропавл қаласының аумағына 25 блокбекет қойылды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp