«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ЖАНАШЫРЛЫҚҚА – ЖАН РИЗА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қан орталығында ерікті қала тұрғындары қан тапсырып, ізгі іске жұмылуда.

Бүгінде облыстық қан орталығын­да қан тапшылығы жоқ. Мамандардың айтуынша, күн сайын мұнда шамамен 45 адам қан тапсырады. Ал қаңтардың 7-8 күндері 55 донор қайырымдылық іске атсалысты.

– Біздің орталықта ерікті донорлар үнемі қан тапсырады. Өңірде қанға қажеттілік ерекше. Өйткені әр адамның өмірінде түрлі жағдай орын алуы мүмкін. Сондықтан орталықта қан қолжетімді болуы тиіс. Біздің мамандар қан тапсыруға келген әрбір донордың денсаулығын мұқият тексе­реді. Алдымен еріктілер қабылдау орнында сауалнама толтырады. Егер қан тапсыруға қарсы көрсеткіштер болса, донор кері қайтарылады. Бүгінде орталықта қан қоры жеткілікті. Әр донордан 450 мл қан алынады. Қазір төтенше жағдай, медицина саласы, өзге де мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері мен ерікті қала тұрғындары қан тапсыруда белсенділік танытуда, – деді облыстық қан орталығының терапевт дәрігері Светлана Задворная. Жалпы аталмыш орталыққа өткен жылы 9492 адам қан тапсыруға жүгінгенін айтып өткен жөн.

“Жанашырлыққа – жан риза” де­гендей, ізгі іске жұмылған жанның бірі – Жасұлан Сағындықұлы. Қала тұрғыны жыл сайын 2-3 мәрте қан тапсыратынын айтып, әр адамды осындай ізгі іске атсалысуға шақырды. Ол қан тапсыру арқылы біреуге өмір сыйлау үлкен бақыт екенін жеткізген.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp