«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кәсіпкерлер палатасының қауырт желісіне 2 мыңнан астам қоңырау түсті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасында бизнес субъектілерін қолдауға арналған сall-орталық жұмыс істеп, кешегі күнге дейін 2 мыңнан астам қоңырауды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты СҚО-да бизнес субъектілерінің жұмысына бірқатар шектеу енгізілді. Мәселен, дәмханалар мен мейрамханалардың жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қысқартылып, спирттік ішімдіктер сатуға тыйым салынды. Супермаркеттердің жұмысы да сағат 21.00-ге дейін шектелді. Жол бойындағы дәмханалар, қару сату дүкендері уақытша жабылды. Мұның бәріне өңір кәсіпкерлері түсіністік танытып жатыр.

«Төтенше жағдай енгізілгесін-ақ кәсіпкерлер палатасында шұғыл шаралар қолға алынып, кезекшілік және колл-орталық құрылды. Оған бизнес субъектілері хабарласып, өз сұрақтарына жауап ала алды. Негізінен қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс режимі, алкоголь өнімдерін сату бойынша хабарласты. Сондай-ақ шекараны кесіп өту бойынша сұрақтар болды. Өйткені кәсіпкерлердің арасында жүк тасымалымен айналысатындар бар. Сондықтан кәсіпкерлер палатасының өкілдері блокпостарға шығып, осы мәселенің қаншалықты шешілгенін көрді. Кешегі күнге дейін 2 мыңнан астам қоңырауды қабылдадық», – дейді СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.

Мамандардың айтуынша, қазір жағдай тұрақталып келеді. Сall-орталыққа хабарласушылар саны азайған. Бірақ кей мәселелер әлі де өзектілігін жойған жоқ.

«Бизнес субъектілері аймақтық кеңесінің отырысы өтті. Бұл жерде кәсіпкерлер бірқатар мәселелерді айтты, оның негізгісі төлемдерді кейінге шегеру туралы, өйткені кейбірінің банктер алдында міндеттемелері бар. Төтенше жағдай режимінде коммуналдық төлемдер қалай есептеледі, бұл мәселелер жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірге қаралды. Апта соңында тағы бір жиналамыз», – дейді Жеңіс Қазиев.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp