«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құқықтық реформалардың мәні айрықша

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Саяси және құқықтық жүйені қа­лыптастыру өркениетті елдердің барлығына тән. Қазақстанның өзіндік тарихи даму ерекшеліктерін жіті ескерудің нәтижесінде демократиялық институттар құру жөніндегі қадамдар өз жемісін берді. Тәуелсіздікке қол жеткізуіміз егемен елдің жаңа идеологиясын түзіп, жеке-дара мемлекет орнатудың нақты бағдарларын айқындады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық Заңын қабылдауы әлемдік қоғамдастық мойындаған, заңды түрде ресімделген дербес мемлекет мәртебесіне ие етті. Өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарына толық кепілдік берілді. Содан бері осы қағиданы берік ұстанып, арманы мен үміті бір арнаға тоғысқан азаматтарының мүдделерін қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Салмақты да салиқалы экономикалық және саяси реформалар жүргізу ұлттық тәуелсіздік негіздерін қалап, аумақтық тұтас­тығымызды нығайтты, шекарамыз шегенделді. Жаңа саяси жүйені құру­мен бірге азаматтық қоғам институттары қалыптасты. Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық реформалардың мәні қашанда айрық­ша. Бұл ретте конституциялық құқық­тар мен бостандықтарға қатысты заңнамалық актілердің қабылдануы әрбір азаматтың өміріне тікелей әсер етеді.

Әділет министрлігі заң шығару қызметіне ғана емес, адвокатура мен но­тариат институттарының қызметіне, заңнамалық реттеуге байланысты мәселелерге де тікелей араласады. Әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен заңды, жеке тұлғалардың жұмысындағы заңды­лықтың орындалуын қадағалайды, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Бір сөзбен айтқанда, олардың қызметі баршаның заң алдындағы теңдігіне, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, жариялылық, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимыл қағидаттарына негізделеді. Мемлекет пен қоғам өмі­рінде үлкен рөл атқаратындықтан, айрықша талаптар қойылады. Өйткені салалық ведомствоға бағынышты ор­гандардың дұрыс ұйымдастырылған жұмысы демократиялық және құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам­ның қалыптасу процестеріне ықпалы айтарлықтай. Бұдан жалпы мемлекеттік саясат пен мемлекеттік функция­лар мәселелерінде, сондай-ақ ведомстволық міндеттерді шешуде көп нәрсе аумақтық әділет органдарының және оларға бағынышты ұйымдардың жұмысына тікелей байланысты екенін, сондықтан аумақтық құрылымдарға үлкен жауапкершілік жүктелетінін аңғаруға болады.

Бүгінгі таңда жұртшылықта мемлекет­тік қызметтерді электронды түрде көрсетуге өтініш беру мүмкіндігі пайда болып, әділет департаментінен мемлекеттік қызмет түрлерін “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік кор­пора­циясы, “электрондық үкімет пор­талы”, және заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы “Е-лицензиялау” арқылы ала алады. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерді алуда ғаламтор арқылы қашықтан жүргізіледі. Қазақстан Республикасының инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібінің цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, “Е-Апостиль” сервистік бағдарла­масы арқылы әділет және өзге де мемлекеттік органдардан, сонымен бірге Қазақстан Республикасының нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бірлескен жоба іске қосылды. Осы бағдарлама шеңберінде электрондық апостиль алуға өтініштер қабылдау, электрондық өтініштерді өңдеу және электрондық апостильді қалыптастыру жүзеге асырылып, ел аумағында да, одан тыс жерлерде де онлайн режімде өтініш беруге мүмкіндік туды. Көкейкесті мәселелерді шешуге бағытталған жаңа заң жобасына 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті айтуға болады. Кодекс халықты мемлекеттік әкімшілік рәсімдеріне бағыну субъектісі ретінде ғана емес, өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін заңды құқықтық құралдар жиынтығына ие әрі тең құқықты әріптес ретінде де кеңінен тартуды көздейді. Бүгінгі таңда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және Қазақстан азаматтары үшін мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін барынша оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар ауқымы өте кең. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы Ата Заңға және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негізделген осы кодекс пен өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады. Егер кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Азаматтық процестік кодексінің ережелері қолданылады. “Халыққа құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасына сәйкес басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне азаматтардың белсенді түрде тартыла бастауы өте құптарлық. Әділет құрылымы саласында күрделі өзгерістер жүріп жатқанын ескерсек, заңдармен реттелген қатынастар Әкімшілік рәсімдік процестік кодекспен қаралады. Яғни, әкімшілік орган шағым түскен күннен бастап үш күн мерзім ішінде істі жоғарғы органға жолдамай-ақ әкімшілік рәсімге қатысушы үшін қолайлы акт қабылдауға құқылы. Кодекс мемлекеттік органдардың да жауапкершілігін арттырып, мәртебесін нығайтады.

Өңірде “е-апостиль” бағдарламасы іске қосылғалы оның қызметіне жүгінушілердің саны айтарлықтай артты. Халыққа қызмет көрсету орталығында 800-ге жуық қызмет түрлері көрсетілсе, оның 85 пайызы “e-Gov” порталында қолжетімді. Бұрындары некеге тұру немесе оны бұзу, туу туралы куәлікті растау, тегін өзгерту құжаттарының электронды нұсқасымен бөлісуге болмайтын. Мамандар азаматтардың жеке басына қатысты деректерді олардың қатысуымен ғана қарап, мөр қоятын. Былтырдан бастап бұл тәртіп өзгерді. Қызметтер онлайн форматқа көшірілгелі электронды цифрлық қолтаңба ғана талап етіледі. Тұрғындар тарапынан келіп түскен өтінімдерге жауап бір күннің ішінде беріледі. Электрондық апостильдің бас­қа да артықшылықтары бар. Бұдан бөлек, еліміздегі цифрландыру саясатының, “Адвокаттық қызмет және заңды көмек” заңының 24-ші бабын жүзеге асыру шеңберінде “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ-ы заңды көмек көрсетудің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру негізінде азаматтық қызметті автоматтандыратын “Е-заңды көмек” ақпараттық жүйесін жасап шығарды. Департамент маман­дары кепілдендірілген мемлекеттік заңды қызметті көрсетуге қатысатын адамдарды жүйеде тіркеу жұмы-сымен айналысады. Департамент басшысы Айдос Тоғызбаевтың төра-ғалық етуімен 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарында көзделген негізгі индикаторлардың, әділет ор-гандарының алдына қойылған міндет-тердің орындалу барысы талқылан-ды. Онда жеке және заңды тұлғалар-дың өтініштерін толық және уақтылы қарауға, мемлекеттік қызметтерді са-палы атқаруға, мемлекеттің экономи-калық қуатының басты көзі саналатын зияткерлік меншік құқықтарын ны-ғайтуға баса назар аударылды. Рес-публикалық заң консультанттары алқасы төрағасының орынбасары Әб-дікәрім Арынұлының қатысуымен өт­кен жиында алқа қызметінің мақсат-тары мен міндеттері түсіндірілді. Облыста мемлекеттік қызмет көрсету сапасына азаматтардың қанағаттану деңгейін әлеуметтік зерттеу нәтиже-лерін зерделеу тақырыбына арналған семинарда мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін жақсарту, оның ішінде оларды оңтайландыру, бизнес-процестерді ұсыну мен жіктеуді автоматтандыру мәселелері талқы-ланды.

Алиментті өндіріп алу басым мә­селелердің бірі болып табылады. “Неке және отбасы” туралы кодексте ата-аналар өздерінің кәмелетке тол­маған балаларын асырап-бағуға мін­детті делінген. Алименттерді өндіріп алу туралы сот шешімін орындамаған ата-аналар қылмыстық жауапкерші­лікке тартылады. Сот шешімімен қа-ражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдай орындамаған жағдайда екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостан-дығынан айыру жазасы белгіленеді. Былтыр алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бо-йынша тоғыз борышкер сотталды. “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі тура-лы” заңға сәйкес мемлекет кірісіне және істердің маңызы бар санатта-рына өндіріп алу атқарушылық іс жүргізуді жеке сот орындаушысы ке-лісім /шарт/ жасаспай қозғайтынын айта кеткен жөн. 2021 жылы 538 млн. теңгеден астам сомаға 1436 атқару-шылық құжат мәжбүрлі түрде орында-тылды. Оның ішінде орындалуы аяқталған 1342 атқарушылық құжат-тың ақшалай сомасы 414 млн. теңгені құрады. Қазіргі уақытта сот орындау-шыларының қарамағында 123 млн. теңгенің жалақысын өндіріп алу жө-нінде 154 атқарушылық іс жатыр.

Департамент өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамта­масыз етуді, азаматтардың және ұйымдардың заңды мүдделерін қор-ғауды дәйектілікпен жалғастыра бе-реді.

Динара ҚҰРМАШЕВА,

облыстық әділет департаменті әкімшілік-құқықтық бөлімінің жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp